«Алқызыл гүлдер» атты күзгі гүлдер мерекесін
өткізу жоспары
Өткізілетін күні: 19 қазан
Уақыты: 1630
Жүргізуші: Шутирова Альбина Салауатқызы
Қатысушылар: №25 Б. Момышұлы атындағы орта мектептің оқушылары
5-7 сынып оқушылары
Фанфар ойнатылады.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ұстаздар , оқушылар және гүлдер мерекесіне келген қонақтар! Жыл сайын күздің осы бір тамаша күндерінде «Алтын күз» мерекесін тойлап жүргеніміз баршаңызға аян. Енді осы жылы яғни мектебіміз жаңарып , көркейіп нұрлана түскені баршаңызға мәлім. Сондықтан бүгінгі мектеп оқушыларының арасында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру барысында ұйымдастырылып отырған ,әсем мектебімізді жаңаша қырынан көрсетіп көркеюіне байланысты , ұйымдастырылған бүгінгі «Алқызыл гүлдер» атты гүлдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Әлем халықтары күз айларында гүлдер меркесін тойлауды дәстүрге айналдырған. Оқушыларға биологиялық бағытында № 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте биылғы жылдан бастап осы бір тамаша мерекемен бастауды игі дәстүрге айналдырмақшы болып отырмыз.
Гүл - табиғаттың әсем туындысы. «Гүл өссе – жердің көркі» деген сөз бекер айтылмаған. Гүлдерде адамдар секілді тіршілік иесі. Құлпырып өскен әсем гүлдер көз тартып, әдемілігімен хош иістілігімен баурайды. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде , туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау –үлкен құрметтің белгісі. Мысалы гүл патшасы Раушан гүлі – хош иісті , ең әдемі , көрікті гүлдердің бірі. Раушан нәзіктіктің символы , рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған.Ол гүлдің әсемдігіне мойынсұнбайтын адам кемде-кем. Мысалы: ақ раушан гүлін негізі қалыңдыққа сыйлаған , ал, алқызыл , қызыл раушан гүлдері аруларға , аналарға сыйға тарту етіледі.
Мектебім мақтанышым
Жеріңе ырыс қонсын бақ дарысын
Әлемге атыңды айтып танытатын
Келешек ұрпағыңның дастанысың
Бүгінгі өткелі отырған «Алқызыл гүлдер» атты гүлдер мерекесінің салтанатты кешін ашу үшін алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтылы Қабдолқызына
беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік сайысымызға қатысқалы отырған оқушыларымызбен таныс болайық.
5 а сыныбы Жеткізгенова Райхан
5 ә сыныбы Есіркеп Жадыра
5 б сыныбы Алексей Аружан
5 в сыныбы Аслан Зарина
6 а сыныбы Арман Айман
6 ә сыныбы Саламат Нұрай
7 а сыныбы Елешова Эленора
7 ә сыныбы Сапарова Асылым
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 4 – бөлімнен тұрады.
1-бөлім- «Гүлденген сән әлеміне» костюмдер шеруі
2-бөлім- «Гүл сұлулықтың белгісі» бейнені көрсететін композиция
3-бөлім- «Бөлме көркі - гүлімен» - бөлме гүлдерінің 3 тілде атауын атау
4-бөлім- «Өнер сайысы» әр қатысушы өз өнерлерін көрсету
Жүргізуші: Ал енді кезекте осы сайысымызды саралап, даралап, әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болайық.
Мектеп директоры: Шынар Құттығалиқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Гүлзира Бисенғалиқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айжан Сергейқызы
Ағылшын пәнінің мұғалімі: Шынар Асқарқызы
Жүргізуші:
Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1-бөлім «Гүлденген сән әлеміне» костюмдер шеруі , түрлі гүлдерді пайдалана отырып, тірі, жасанды , қағаз гүлдер мен безендірілген киім үлгісін әзірлеп әкелу, атауын беру.
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы аймен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып ,қарасатын – деп жырлағандай әсем де, сұлу аруларымыздың көркін әрлендіріп тұрған , өз қолдарымен безендірген киім үлгілерін тамашалайық.
Жүргізуші: Сіздерге көп рахмет! Әлемде Бақытгүл деген – ерекше гүлдейтін өсімдік өседі екен. Негізінен ол Қытай,Жапон елдерінен тараған. Адамдар кейде – оны ең жақын адамдарына да сыйлап жатады. Гүл түстері сан алуан.Халық арасында «Бақыттылық белгісі» есебінде танымал гүл деседі.
Гүлдер, гүлдер , шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Тұра берші ырғалып
Тұра берші нұрланып
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды,
Ұқсап сәби балаға! – деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырлағандай келесі кезекті әнге берсек
Ән: Мереке
Орындайтын:Сергеева Азалия ,Жылқышы Әдемі
Жүргізуші:
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын
Жадырап жан сарайын
Демалып бір қалатын, - дей келе сайысымыздың 2-ші бөлімі
«Гүл сұлулықтың белгісі» деп аталады. Осы бөлімнің шарты бойынша сайыскерлеріміз өз қалауымен түрлі гүлдерді пайдалана отырып, белгілі бейнені сипаттайтын композиция жасақтап әкелу.
Сіздерге композиция дегеніміз не екенін айта кетейін – Композиция дегеніміз бөлшектерді құрастырып , бір бүтін шығару.
Ендігі кезекті оқушыларға береміз.
Әр сынып оқушылары өздеріңіз дайындаған бейнені таныстырып көрсетулеріңіз сұралады.
Жүргізуші:
Ендігі кезекте сайысымыздың 3 бөлімі «Бөлме көркі - гүлімен» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Шартымен таныстырып өтсем , бөлме гүлдерінің ерекше түрлерінен 1 немесе 2 гүлді безендіріп , үш тілде атауымен яғни қазақша , орысша, ағылшынша таныстырып өтуі керек.
Ал енді соңғы 4 бөліміміз «Өнер сайысы»әр сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетулеріңізді сұраймыз.
Жүргізуші: Сайысымыздың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша тамаша ән тыңдайық.
Би:8 сынып оқушыларының орындауында «Мамбо» биі
Жүргізуші: Рахмет! Талаптарыңа нұр жаусын.
Әділ қазы алқасы ,
Берсін әділ бағасын, - дей келе сайыскерлерімізге «Мәңгілік ел» патриоттық актісін іске асыру аясында мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру, туған елінің табиғатына өсімдіктер әлеміне қамқорлық көрсетуге , эстетикалық талғамын арттырып , әдептілікке талпынуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Алқызыл гүлдер» мерекелік сайысының Жүлдегерлеріне арналған 1,2,3 дәрежелі дипломдарды табыстау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Шынар Жұпқалиқызына береміз.Келесі кезекте «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру , туған елінің табиғатына , өсімдіктер әлеміне қамқорлық көрсетуге , эстетикалық талғамын арттырып, әдептілікке талпынуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған
«Алқызыл гүлдер» мерекелік сайысына белсене қатынасқан сайыскерлерімізді алғыс хаттарымен марапаттау үшін сөз кезегі беріледі.
Жүргізуші: Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей келе «Алқызыл гүлдер» атты сайысымызды аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше, сау болыңыздар!
«Алқызыл гүлдер» атты күзгі гүлдер мерекесін
өткізу жоспары
Өткізілетін күні: 20 қазан
Уақыты: 16 30
Жүргізуші: Кутумова Айтолы
Қатысушылар: №25 Б. Момышұлы атындағы орта мектептің оқушылары
8-11 сынып оқушылары
Фанфар ойнатылады.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ұстаздар , оқушылар және гүлдер мерекесіне келген қонақтар! Жыл сайын күздің осы бір тамаша күндерінде «Алтын күз» мерекесін тойлап жүргеніміз баршаңызға аян. Енді осы жылы яғни мектебіміз жаңарып , көркейіп нұрлана түскені баршаңызға мәлім. Сондықтан бүгінгі мектеп оқушыларының арасында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру барысында ұйымдастырылып отырған ,әсем мектебімізді жаңаша қырынан көрсетіп көркеюіне байланысты , ұйымдастырылған бүгінгі «Алқызыл гүлдер» атты гүлдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Әлем халықтары күз айларында гүлдер меркесін тойлауды дәстүрге айналдырған. Оқушыларға биологиялық бағытында № 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте биылғы жылдан бастап осы бір тамаша мерекемен бастауды игі дәстүрге айналдырмақшы болып отырмыз.
Гүл - табиғаттың әсем туындысы. «Гүл өссе – жердің көркі» деген сөз бекер айтылмаған. Гүлдерде адамдар секілді тіршілік иесі. Құлпырып өскен әсем гүлдер көз тартып, әдемілігімен хош иістілігімен баурайды. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде , туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау –үлкен құрметтің белгісі. Мысалы гүл патшасы Раушан гүлі – хош иісті , ең әдемі , көрікті гүлдердің бірі. Раушан нәзіктіктің символы , рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған.Ол гүлдің әсемдігіне мойынсұнбайтын адам кемде-кем. Мысалы: ақ раушан гүлін негізі қалыңдыққа сыйлаған , ал, алқызыл , қызыл раушан гүлдері аруларға , аналарға сыйға тарту етіледі.
Мектебім мақтанышым
Жеріңе ырыс қонсын бақ дарысын
Әлемге атыңды айтып танытатын
Келешек ұрпағыңның дастанысың
Бүгінгі өткелі отырған «Алқызыл гүлдер» атты гүлдер мерекесінің салтанатты кешін ашу үшін алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтылы Қабдолқызына
беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік сайысымызға қатысқалы отырған оқушыларымызбен таныс болайық.
1. 8 а сыныбы Нұрланова Аялы
2. 8 ә сыныбы Қойшығали Асылжан
3. 9 а сыныбы Сисенова Аида
4. 9 ә сыныбы Айтжанова Индира
5. 11 сынып Тілеш Айшолпан
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 4 – бөлімнен тұрады.
1-бөлім- «Гүлденген сән әлеміне» костюмдер шеруі
2-бөлім- «Гүл сұлулықтың белгісі» бейнені көрсететін композиция
3-бөлім- «Бөлме көркі - гүлімен» - бөлме гүлдерінің 3 тілде атауын атау
4-бөлім- «Өнер сайысы» әр қатысушы өз өнерлерін көрсету
Жүргізуші: Ал енді кезекте осы сайысымызды саралап, даралап, әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болайық.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бақтылы Қабдолқызы
2. Мектебіміздің психологы : Анар Инирбайқызы
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айжан Сергейқызы
Жүргізуші:
Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1-бөлім «Гүлденген сән әлеміне» костюмдер шеруі , түрлі гүлдерді пайдалана отырып, тірі, жасанды , қағаз гүлдер мен безендірілген киім үлгісін әзірлеп әкелу, атауын беру.
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы аймен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып ,қарасатын – деп жырлағандай әсем де, сұлу аруларымыздың көркін әрлендіріп тұрған , өз қолдарымен безендірген киім үлгілерін тамашалайық.
Жүргізуші: Сіздерге көп рахмет! Әлемде Бақытгүл деген – ерекше гүлдейтін өсімдік өседі екен. Негізінен ол Қытай,Жапон елдерінен тараған. Адамдар кейде – оны ең жақын адамдарына да сыйлап жатады. Гүл түстері сан алуан.Халық арасында «Бақыттылық белгісі» есебінде танымал гүл деседі.
Гүлдер, гүлдер , шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Тұра берші ырғалып
Тұра берші нұрланып
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды,
Ұқсап сәби балаға! – деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырлағандай келесі кезекті әнге берсек
Ән: «Қазақ қызымын»
Орындайтын: Сергеева Азалия
Жүргізуші:
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын
Жадырап жан сарайын
Демалып бір қалатын, - дей келе сайысымыздың 2-ші бөлімі
«Гүл сұлулықтың белгісі» деп аталады. Осы бөлімнің шарты бойынша сайыскерлеріміз өз қалауымен түрлі гүлдерді пайдалана отырып, белгілі бейнені сипаттайтын композиция жасақтап әкелу.
Сіздерге композиция дегеніміз не екенін айта кетейін – Композиция дегеніміз бөлшектерді құрастырып , бір бүтін шығару.
Ендігі кезекті оқушыларға береміз.
Әр сынып оқушылары өздеріңіз дайындаған бейнені таныстырып көрсетулеріңіз сұралады.
Жүргізуші:
Ендігі кезекте сайысымыздың 3 бөлімі «Бөлме көркі - гүлімен» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Шартымен таныстырып өтсем , бөлме гүлдерінің ерекше түрлерінен 1 немесе 2 гүлді безендіріп , үш тілде атауымен яғни қазақша , орысша, ағылшынша таныстырып өтуі керек.
Ал енді соңғы 4 бөліміміз «Өнер сайысы»әр сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетулеріңізді сұраймыз.
Жүргізуші: Сайысымыздың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша тамаша ән тыңдайық.
Би: 8 сынып оқушыларының орындауында «Мамбо» биі
Жүргізуші: Рахмет! Талаптарыңа нұр жаусын.
Әділ қазы алқасы ,
Берсін әділ бағасын, - дей келе сайыскерлерімізге «Мәңгілік ел» патриоттық актісін іске асыру аясында мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру, туған елінің табиғатына өсімдіктер әлеміне қамқорлық көрсетуге , эстетикалық талғамын арттырып , әдептілікке талпынуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Алқызыл гүлдер» мерекелік сайысының Жүлдегерлеріне арналған 1,2,3 дәрежелі дипломдарды табыстау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Шынар Жұпқалиқызына береміз. Келесі кезекте «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру , туған елінің табиғатына , өсімдіктер әлеміне қамқорлық көрсетуге , эстетикалық талғамын арттырып, әдептілікке талпынуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған
«Алқызыл гүлдер» мерекелік сайысына белсене қатынасқан сайыскерлерімізді алғыс хаттарымен марапаттау үшін сөз кезегі беріледі.
Жүргізуші: Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей келе «Алқызыл гүлдер» атты сайысымызды аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |