Имени с. Аманжолова


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет3/20
Дата12.10.2023
өлшемі422,5 Kb.
#185074
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
866863374185 4 Силлабус БАЗАЛЫК СПОРТ-1

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Базалық спорт түрі бойынша оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні жоғарғы білімді дене мәдениеті мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пәндердің бірі. Бұл пәнді оқу барысында студенттер мектептің дене тәрбиесі сабақтарында базалық, мектеп бағдарламасында бар спорт түрлерінің мектеп бағдарламасындағы мазмұнын, оларды ұйымдастыруға қажет дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін, сабақты жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері туралы теориялық мәліметтер алады, жоспарлау технологиясын, сабақтарды талдауды үйренеді, сабақтар жүргізу іскеліктері мен дағдыларына қалыптасады.
Базалық спорт түрі бойынша оқытудың теориясы мен әдістемесі пәнін оқу курсі он үлкен тақырыптарға бөлінген:

  1. ҚР БжҒминстрлігі бекіткен мектеп бағдарламасы. Мектеп бағдарламасының мазмұны мен құрылымы.

2. Дене тәрбиесі пәні бағдарламасының бөлімдері бойынша сағат санының бөлінуі.
3. Дене тәрбиесі сабағының құрылымы, түрлері.
4. Дене тәрбиесі сабағын жоспарлау
5. Жеңіл атлетиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
6. Гимнастиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
7. Спорттық ойын волейболды оқытудың теориясы мен әдістемесі.
8. Спорттық ойын баскетболды оқытудың теориясы мен әдістемесі.
9. Шаңғы спортын оқытудың теориясы мен әдістемесі.
10. Суға жүзуді оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Силабусте сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, дәрістер, іс-тәжірибелік жұмыстар, СӨЖ және СОӨЖ шегіндегі сабақтар жоспары, реферат жұмыстары, емтихан сұрақтары берілген.
Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерге мектептегі дене тәрбиесі сабағында мектеп бағдарламасындағы базалық спорт түрлерін ұйымдастыруға қажет теориялық білім және әдістемелік, іс-тәжірибелік дағдылармен қалыптастыру.
Пәнді оқып үйренудің міндеттері: Болашақ дене тәрбиесі және спорт саласында жұмыс атқаратын жоғары білімді маманды базалық спорт түрлерін сабақтарын ұйымдастыруға қажет арнайы біліммен, амалдармен, әдістермен, әдістемелеімен қаруландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет