Имени с. Аманжолова



бет5/20
Дата12.10.2023
өлшемі422,5 Kb.
#185074
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
866863374185 4 Силлабус БАЗАЛЫК СПОРТ-1

Дәріс 3: Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген: 1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [1,4]
Дәріс 4: Дене тәрбиесінің амалдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады. Қимыл - әрекетті тиімді жолмен орындау жаттығудың тәсілі, техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру). Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [1,4,6]
Дәріс 5: Дене тәрбиесінің әдістері
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесінің әдістері. Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері.
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [2,3,6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет