Педагогика психология институты
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті.
Педагогика психология институты.
СӨЖ Тақырыбы: Жалпы дамытатын дене жаттығулар. Ойын түрлері мен сипаттамасы.
Дене жаттығуларының құрылымы, техникасы, түрі, мазмұны.
Мамандық: 6В01306 Бастауыш білім беру ағылшын тілі.
Орындаған: Тәліпханова Нұрай
Қабылдаған: Жұмабаева Жазира
Жалпы дамытатын дене жаттығулар. Ойын түрлері мен сипаттамасы.
Дене жаттығуларының құрылымы, техникасы, түрі, мазмұны.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары
Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар:
1. Жалпы дене дайындығы.
2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.
3. Спорттық дайындық.
Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |