Бағыныңқысы басыңқыдағы іс-қимылдың қалай жүзеге асқандығын,
тәсілін білдіреді
| - қалай?
- қалайша?
- қайтпестен? не етпестен?
- қайтіп?
не етіп?
| - Астыңғы ернін салбырата, трибунаға Әкім шықты.
- Біреулер кітап оқып, біреулер шахмат ойнап отыр.
- Ішке кірген бетте директор өз орнына отырмастан, сөзін түрегеп тұрып бастады
- Ол өзінің тәуір жүгіретінін мақтаныш еткендей, артына жалтақ-жалтақ қарап қойып келеді.
| - - а, е
- - а, е, й, ып/іп, п
- -ма/ме, па/пе, ба/бе+с+тан/тен
- ған/ген,қан/кен+дай/дей
- ған/ген, қан/кен+күйі, қалпы, бойы
- ған/ген,қан/кен+дай/дей+болып
|