Иммун тапшылығы бөлінеді


Екіншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын және даму себептерін түсіндіріңіз



бет7/18
Дата01.12.2023
өлшемі115,3 Kb.
#194498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Шырын иммун

2.1.7. Екіншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын және даму себептерін түсіндіріңіз.
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайы – кеш постнаталды периодта немесе үлкендерде дамитын, генетикалық ақау қорытындысы болып табылмайтын иммундық жүйе бұзылысы. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайы үш үлгіге бөлінген: жүре пайда болған индуцирленген спонтанды Екіншілік иммунды тапшылық жағдайлар дегеніміз иммунды жүйеге түрлі зақымдардың әсер етуінен қалыптасатын клиникалық иммунологиялық синдромдар. Екіншілік иммунды тапшылық біріншілікпен салыстырғанда туғаннан кейін калыпты іс атқаратын иммундық жүйенің бұзылуынан пайда болады. Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады. Екіншілік иммунды тапшылық жиі кездеседі. Оларды емдеп, калыпты жағдайына қайта келтіруге болады.Екіншілік иммунды тапшылық төменгі жағдайлардан кейін болуы мүмкін: жұқпалы аурулардан (әсіресе вирустық), инвазиядан (протозойлық және гельминттік); күйгеннен; қатерлі ісіктен; жедел жүдегенен; көлемді хирургиялық операциялардан; радиациалық сәуледен; химиялық заттардан; қартайғаннан; дәрі-дәрмек қолданғанан. Екіншілік иммунтапшылық жағдайының пайда болу себептері: Физиолгиялық (жасқа байланысты) факторлар; Ауруға шалдығу; Ятрогендік факторлар; Экологиялық факторлар; Өмір салтының қауіпті факторлары; Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады.


2.1.8. ЖИТС анықтамасын түсіндіріңіз, АИВ инфекциясының даму кезеңдерін жазыңыз.
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ). Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет