Иммунитет.Қанның иммундық қасиеті



бет3/4
Дата28.10.2022
өлшемі18,86 Kb.
#155464
1   2   3   4
Байланысты:
Молдақұл С физиология

Фагоцитоздың кезеңдері
Бірінші- миграция сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
Екінші сатысы- бөгде затты танып, қармау кезеңі. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да, бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады, осыдан кейін оны лейкоцит мембранасына жабыстырады. Кейін оны аяшаларымен қармап, протоплазмасына қарай тартады.
Үшінші сатысы- жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптандыратын бактериоцидтік заттар(пероксидаза галоидтар J,Cl және т.б.), вирустарға қарсы заттар- интерферондар бар.
Цитоксикалық эффектінің механизмдері
Цитокиндер – иммундық жүйенің жасушаларының белсенді белокты немесе полипептидті өнімі. Осы өнімнің көмегімен лимфоциттер бір-бірімен және басқа жасушалармен байланысып қатынас түзейді.Яғни, цитокиндер иммундық жүйедегі жасушааралық гуморалдық байланысты қолдайды.
Цитокиндердің эффектілерінің механизмдері: 
Интриакринді – продуцент-жасушаның ішіндегі әрекеті;
Аутокринді – секреттеліп жатқан цитокиннің секреттеліп жатқан жасушаға әсері.
Паракринді – цитокиннің жақын жатқан жасуша мен тіндерге әсері;
Эндокринді – цитокиннің продуцент-жасушаға алыстан әсер етуі.
Организмнің арнамалы емес қорғаныштық факторлары 
Арнайы емес иммунитет факторлары: лизоцим, пропедрин, интерферон, бактериолизин, фагацитоз- макрофагтар мен лейкоциттер бөгде заттарды қармап жұтуы және т.б. Бұл жүйе тек корпускулярлы агенттер жасушалар мен тіндерді бұзатын уытты заттарға жауап қайтарады. 
Лизоцимге ферментативтік және муколиттік белсенділік қасиеті тән. Сонымен қатар, ол түрлі ауруды қоздырушы бактериялардың көбеюі мен дамуын тежейді.
Пропедрин белок тәріздесқосылыс, бактериоцидтік және вирусқа қарсы қасиеттер тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет