Иммунология негіздерімен жалпы микробиология пәнінен №1 межелік бақылауға дайындалу үшін 2 курс «Жалпы медицина»


Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200



бет2/4
Дата09.10.2022
өлшемі27,28 Kb.
#152285
1   2   3   4
Байланысты:
№1МЕж бақылауға арналған есептер 2

Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200.

1. Аудиториядағы ауа ластанған немесе жоқ па деп қалай ойлайсыз және неге? Ауаның санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдеріне қандай бактериялар жатады және неге?


2. Аспирациялық зерттеу әдісі қалай жүргізілетінін сипаттаңыз?
Есеп № 9.


Жасушаға қоректік заттардың түсуі және қоршаған ортаға ақуыздар мен ферменттердің бөлінуі цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді.

1. Заттардың бактериялық жасушаға тасымалдану механизмдерін сипаттаңыз.


2. Бактериалды жасушадан заттардың сыртқа тасымалдау механизмдерін сипаттаңыз.
Есеп № 10.


Жұқпалы аурулар клиникасына жалпы әлсіздікпен, мазасызданумен, бас ауруымен – көптеген ауруларға тән белгілері бар науқас кірді.

1. Бұл науқаста жұқпалы аурудың қай кезеңі белгіленген? Жұқпалы аурудың барлық кезеңдерін сипаттаңыз.


2. Микроорганизмдердің патогендік факторларын атаңыз. Мысалдар келтіріңіз.


Есеп № 11.


Инфекция жұқтырған және өлген зертханалық жануарлардың ағзаларынан алынған таңба - жағындыларда капсуламен қоршалған пневмококктардың болуы пневмококкты сепсис диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
1. Зертханалық диагностиканың қолданылған әдістері қалай аталады? Осы әдістердің құндылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
2. Басқа ауруларға қарағанда жұқпалы ауруларға тән ерекше қасиеттерін сипаттаңыз.
Есеп № 12.


Жұқпалы аурулар ауруханасында "Тұмау"деген болжама диагнозы бар науқас жатыр. Науқастың мұрын жұтқыншағынан шайынды алып тауық эмбрионына жұқтырдық. Эмбрион өлді.

1. Тауық эмбрионында вирусты индикациялау үшін қандай реакция қойылады? Бұл реакция қалай жасалады?


2. Жасуша дақылында вирусты индикациялау әдістерін сипаттаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет