Иммунология негіздерімен жалпы микробиология пәнінен
№1 межелік бақылауға дайындалу үшін 2 курс «Жалпы медицина» факультеті студенттеріне арналған жағдайлық есептер.
Есеп № 1.
XIX ғасырдың аяғында медициналық микробиологияның прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохтың жұмыстарымен тығыз байланысты.
1. Луи Пастердің медициналық микробиологиядағы ең маңызды жаңалықтарын сипаттаңыз?
2. Роберт Кохтың медициналық микробиологиядағы ең маңызды еңбектері қандай?
Есеп № 2.
Іш сүзегіне күдікті науқастан алынған нәжісті Эндо ортасына себу нәтижесінде түрлі түсті колониялар өсті: кейбіреулері таңқурай түсті, басқалары түссіз.
1. Шартта көрсетілген қоректік орта (қолдану мақсаты бойынша) қандай қоректік орталарға жатады және оның құрамына не кіреді?
2. Неліктен колониялар Эндо ортасында таңқурай түсіне боялған?
Есеп № 3.
Микробиология бойынша практикалық сабақта студенттер туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан дайын бекітілген жағындыларды бояулары қажет.
1. Студенттер қандай бояу әдісін қолданады және осы әдіс бойынша бояу реттілігін сипаттаңыз?
2. Бұл бактериялардың қышқылға төзімділігі немен байланысты?
Есеп № 4.
Хирургиялық бөлімшеде патогенді стафилококк тудырған науқастарда стафилококк инфекциясының өршуі тіркелді. Осы бөлімшенің қызметкерлерін тексеру кезінде патогендік стафилококк операциялық мейірбикенің жұтқыншағынан бөлініп алынған.
1. Медбикенің ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
2. Бұл зерттеу қалай жүргізілетінін сипаттаңыз?
Есеп № 5.
Науқастарды емдеу кезінде хирургиялық стационарда түрлі антибиотиктер мен химиопрепараттар қолданылды. Науқастардан көптеген дәрілерге төзімділігі бар бұрын бөлінген дақылдардан ерекшеленетін стафилококк дақылдары бөліне бастады.
1. Микроорганизмдерде пайда болған көптеген дәрілік төзімділіктің механизмдерін сипаттаңыз?
2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың қандай әдістерін білесіз, олардың біреуін сипаттаңыз.
Есеп № 6.
Сібір жарасына күдікті науқастың карбункулының ішіндегісінен жағынды дайындалды, Грам әдісімен боялды. Микроскопия кезінде препаратта капсуламен қоршалған тізбектесіп орналасқан кесілген ұштары бар күлгін түсті таяқшаларды табылды.
1. Бактериялардың текқана морфологиялық және тинкторлық қасиеттерін зерттеуге негізделген жұқпалы ауруларды микробиологиялық диагностикалау әдісі қалай аталады? Осы әдістің құндылығы мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
2. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз?
Есеп №7.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға ауыз суы жеткізілді. Судың осы үлгісінің МЕСТ(ГОСТ)-пен ағынды суға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қажет.
1. Ауыз судың фекальды (бактериялық) ластануын бағалау үшін қандай санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды?
2. Ауыз судың коли –титрі мен коли-индексін қандай әдістермен анықтайды? Осы әдістердің бірін сипаттаңыз.
Есеп № 8.
Достарыңызбен бөлісу: |