Иммунология негіздерімен жалпы микробиология пәнінен №1 межелік бақылауға дайындалу үшін 2 курс «Жалпы медицина»


Есеп № 13. Диагноз қою үшін науқастың қақырығына бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет. Зерттеу үшін стерильді ыдыс қажет



бет3/4
Дата09.10.2022
өлшемі27,28 Kb.
#152285
1   2   3   4
Байланысты:
№1МЕж бақылауға арналған есептер 2

Есеп № 13.


Диагноз қою үшін науқастың қақырығына бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет. Зерттеу үшін стерильді ыдыс қажет.

1. Стерильді ыдыстарды дайындау үшін: флакондар, Петри табақшалары, пробиркалар және т. б. стерилизацияның қандай әдісі мен режимі қолданылады.


2.Аппарат құрылысы және жұмыс режимі қандай?
Есеп № 14.


Зертханаға санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін топырақ сынамасы келіп түсті.


1.Анаэробты бактерияларды бөліп алу үшін қандай қоректік орталар қолданылады және осы ортаның біреуінің құрамына сипаттама беріңіз?
2. Анаэробиозды жағдай жасау әдістерін сипаттаңыз?
Есеп № 15.


Пневмониямен ауыратын науқастың қақырығынан патогендік микробтар бөліп алынған.


1. Микроорганизмдердің вируленттілігі мен патогенділігіне анықтама беріңіз.
2.Ол қандай бірліктерде өлшенеді және оны экперимент жүзінде қалай анықтауға болады?
Есеп № 16.


Созылмалы пневмониямен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойы кең спектрлі антибиотиктермен емделді. Ауыз қуысының шырышты қабатында ақ таңбалар пайда болды. Дәрігер ауыз қуысының кандидозы деп диагноз қойды?

1. Саңырауқұлақтардың құрылымы мен жіктелуі?


2. Прокариоттардың және эукариот жасушаларын ерекшелендіретін белгілерін жазып көрсетіңіз?


Есеп № 17.


Ішек инфекциясы белгілері бар науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Науқастың нәжісінен бактериолог E. coli таза дақылын анықтады.

1. Бактериолог қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу үшін микробиологиялық әдістердің қайсысын қолданды, оны қалай жүргізеді және осы зерттеу әдісінің құндылығы мен кемшіліктері қандай?


2. Бактериялардың қоректену типтері мен энергия алу тәсілдері бойынша жіктелуі?


Есеп № 18.


Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды (жараны) анықтап, шанкрдан алынған материалды микроскопиялық зерттеуге тағайындады. Бактериолог материалды зерттеп, спирохеталарді анықтады.

1. Спирохеталардің ультра құрылымын сипаттаңыз?


2. Бояудың қандай әдістері және оларды тірі күйінде зерттеудің қандай әдістері қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет