Қыналар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрлері белгілі



бет3/4
Дата11.01.2022
өлшемі65,46 Kb.
#110939
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-21414

Қалталы қыналар  – Ascolichenes класы      

Қалталы қыналар класына  барлық белгілі қыналардың 90% -тейі  жатады. Олардың басты ерекшелігі – спораларының қалта ішінде дамуы. Жемісті денелері апотеций, перитеций және гастеротеций. Бұл класс эволюциялық дамуы жағынан базидиальды қыналарға қарағанда ерте пайда болған және қарапайым құрылымды сапрофитті тіршілік ететін саңырауқұлақтардан шығуы тиіс.

 

Қалталы қыналар класы  жеміс денесінің құралымына қарай пиренокарпалар және гименокарпалылар болып екі класс тармағына бөлінеді.

 

 

Пиренокарпалы - Pyrenocarpeae класс тармағы



Бұл класс тармғына жататын  қыналардың жемісті денелері перитецийлі  болып келеді. Басым көпшілігі  қаспақты, сирек жапырақты, бұталы. Қынаны құрайтын фикобионтке жіптесінді жасыл, көбінесе трентополия, сиректеу жасыл – сары, қоңыр балдырлар  жатады. Пиренокарпылар класс тармағына  аскогимениальды және асколокулярлы 70 шақты туыстас қына жатады. Олар жер шарының барлық бөліктеріне  таралған  Pyrenocarpales қатарынан, 15 тұқымдастан тұрады. Әрбір тұқымдас бір-бірінен сырт пішіні фикобионттарына, перитецийлерінің орналасуына, парафиздерінің  болу-болмауына байланысты айырылады. Споралары әр түрлі пішінді, түссіз, бір клеткалы бір не бірнеше көлденең перделерінің болуы арқылы айырылады. Қалталары битуникатты, сирек унитуникатты.    Дерматокарпон – Dermatocarpon туысының қабаты жапырақ – қабыршақ пішінді, тасқа резиналары арқылы бекініп жатады. Фикобионты плеврококкус, қалтасы битуникатты, онда 2-8 дейін спорасы болады.

 Гимнокарпылар – Cymnocarpeae класс тармағы



Бұл класс тармағына барлық жерлерде кездесетін қабықты, жапырақты, бұталы қыналардың 250-дей туыстасы жатады. жемісті денесі апотеций, сирек –  гастеротеций. Жемісті денесі онтогенезінде  аскогимениаль типті. Жемісті денесі гимениальды қабат құрайды. Қалтасы  унитуникатты. Фикобионттары  жасыл  – требуксия, көк жасыл  - носток балдырлары болады. Класс тармағы  жеміс денесінің құрылымына қарай 4 қатарға бөлінеді.                       Графидалықтар – Graphidaies қатарының апотецийлері ұзын, сопақ және тармақталған салалы болып келеді. Көпшілігінің қабаты қабықты, құрылысы күрделі түрлерінде жоғарғы қабығы болады. Бұл қатарда сопақ пішінді апотецийден дөңгелек пішіндіге және қабықты қынадан жапырақтыға ауысуы түрлері айқын байқалады. Көпшілігінің конидиясы трентополиядан құралады. Бұларға жататын түрлердің көбісі тропик және субтропик аудандарында таралған.       Графис – Graphis қабаты қабықты, жемісті денесі ұзын гастеротеций параллель орналасқан сызық пішінді. Түссіз спорасы екі не көп клеткалы.        Артониялықтар – Arthoniales қатары сопақ, дөңгелек, ұзынша, тақ пішінді, жемісті денесінің гастеротецийлі және апотецийлі болып келуімен сипатталады. Қабаты әр түрлі, қабықты, қарапайым, гомеомерлі және гетеромерлі құрылымды формадан бұталы формаға қарай даму байқалады.       Бұталы түрлеріне рочелла – Rochella жатады. Бұл Жерорта теңізі және Атлант мұхитының жағалауында өседі, одан лакмус алынады, бұрын бұдан маталарды бояйтын бояу алады.                              Дөңгелек жемістілер – Cyclocarpales қатарына – барлық жерге таралған, сыртқы құрылысы алуан түрлі болып келетін қыналардың басым көпшілігі жатады. Апотецийі дөңгелек табақша пішінді, кейбіреулерінде олар талломның ішіне еніп тұрады. Дөңгелек жемістілер қатарында қабықтыдан бұталы түрлеріне ауысу байқалады. Бұл қатарда 29 тұқымдас бар. Олардың ішіндегі сегізінің конидия қабатын көк жасыл, қалғанын жасыл балдырлар құрайды. Кейінгілерінің кейбіреулерінің апотецийлері – лецидининалы, екінші біреулерінікі – леканориналы. Бұл қатардың ішінде:                                            Лецидея – Lecidea туысының 1500-дей түрлері бар. Бұлардың көпшілігі жартастардың және ағаштың қабықтарында тіршілік етеді. Талломы қабықты (қаспақты) ақшыл, сұр, сарғыш, қоңыр түсті келеді. Споралары түссіз, бір клеткалы. Леканора – Lecanora туысына 1100-ден астам қабықты қыналар жатады. Азияның және Африканың далаларында мен шөлдерінде, сондай-ақ Қазақстанның жартылай шөлейт жерлерінде кездесетін, тамаққа жарайтын, дөңгелек бұдырлы түйір түрінде топыраққа бекінбей бос жататын манна қынасы да Aspicilia (Lecanora) esculenta осы туысқа жатады.                                                  Пельтигераның – Peltigera қабаты ірі, жапырақты сұр не қоңыр түсті. Бұл ашық жерлерде көп тараған қына.                     Пермелия – Parmelia туысына 800-дей түр жатады. Қабаты жапырақты, бұлар жиі кездесетін қыналар қатарына жатады. P.vagans түрі барлық жерлерде, әсіресе далалы жартылай шөлейт аудандарда көп тараған, топырақта бос жататын жапырақты қына. Бұл қынаны халық медицинасында іш ауруына, жараға, күйікке және т.б. ауруларға дәрі есебінде пайдаланады.                                  Цетрария – Cetraria туысының 70-тен астам түрі бар, олардың да көпшілігінің қабаты жапырақты болып келеді.                         Қиыр Солтүстікте, орманда және құмды жерлерде өсетін «Исландия мүгінің» - Cetraria Islandica маңызы ерекше зор. Бұл бұтақты қыналар қатарына жататын «Исландия  мүгінің» құрғақ затында 50%-ға дейін лихенин деп аталатын углевод болады, ол қабықтың құрамына кіреді және крахмалдан айырмасы – иодпен көк түске боялмайды. Лихениннің қоректілігі картоптың крахмалына қарағанда аздау, дегенмен оны нанға және әр түрлі суық тағам дайындауға пайдаланады. Бұл қынаның бұғы шаруашылығында маңызы ерекше. Халық мұның тұнбасын бас және іш ауруларына дәрі есебінде пайдаланады.                                              Ксантория – Xanthoria parietina қорғандарда, ағаштың қабығында сарғыш қызғылттау жапырақты дөңгелек дене түрінде көп тараған. Алекторияның – Alectoria және уснеяның – Usnea кейбір түрлері ұзын сұр не қара қоңыр сақал түрінде ағаштар қабығының арасынан төмен қарай салбырап тұрады. Эверния – Evernia prunastri – жалпақ жапырақты ағаштарда өсетін бұталы қына. Бұл қынаны парфюмерия өндірісінде «шипр» иіс суын дайындау үшін қолданады. Umbilicaria туысы жапырақ пішіндес төсемікке орталық бөлімі арқылы бекініп жатады. Түсі ақ-сұрдан қара түске дейін өзгереді.                  Кладония – Cladonia туысына 300-ден астам түрлер жатады. Бұл туыстың морфологиялық және практикалық маңызы ерекше. Кладония қынасы екі түрлі қабат құрайды. Алғашқы қабаты қабықты, көпшілігінде ұсақ қабыршақты болып тұрады. Кейіннен ол қабаттан екінші – тік бұталы қабат өсіп шығады. Бұлардың кейбір бұталы  түрлерін «бұғы мүгі» немесе ягель (Cladonia rangiferina), деп атайды. Ол қарағайлы ормандарда, сол сияқты тундрада көп кездеседі және қыналардың басқа түрлерімен бірге өседі, ол солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Сақалды қына – Usnea туысына 600 түр жатады. Қабаты гетероморфты, бұталы не сақалды ағаш қабықтарында бекініп өсіп, сақал сияқты салбырап тұрады. Споралар бір, екі не көп клеткалы, түссіз, не қоңыр түсті. Әр қалтада 1 – 8 –ге дейін споралар түзіледі. Сақалды қынадан медицинада әр түрлі препараттар алады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет