«індеттану және жануарлардың ЖҰҚпалы аурулары» ПӘнінен сөЖ



бет8/12
Дата28.02.2022
өлшемі2,8 Mb.
#133690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
дермато

Аурудың шығуы жыл бойы бола береді, бірақ жиірек бұған дымқылды ауа райы — күз бен қыс және мал терісінің күтімсіз болуы қолайлы жағдай туғызады. Егер аурумен күрес жүргізу шаралары сапасыз болса шаруашылық тұрақты түрде аурудан сәтсіз жағдайда қалуы мүмкін.

  • Аурудың шығуы жыл бойы бола береді, бірақ жиірек бұған дымқылды ауа райы — күз бен қыс және мал терісінің күтімсіз болуы қолайлы жағдай туғызады. Егер аурумен күрес жүргізу шаралары сапасыз болса шаруашылық тұрақты түрде аурудан сәтсіз жағдайда қалуы мүмкін.
  • Патогенезі. Қоздырушының организмге енетін жері — әсіресе зақымданған тері. Теріге түскен соң саңырауқұлақ споралары немесе мицелиі жүн фолликулаларының ішіне кіріге еніп, тікелей мүйізденіп кеткен клетка қабыршағының астындағы эпидермисте өсіп-өнеді. Грибтердің эндотоксиндері мен кератиннің толық ыдырамаған енімдері ісіну процесін тудырады, кейіннен қабыршаққа айналатын тез жарылғыш күлдіреулер пайда болды, соның салдарынан зақымданған тері түлейді. Саңырауқұлақтардың элементтері лимфа мен қанға, ал олармен бірге жаңа зақымданулар тудырып терінің басқа жерлеріне түседі.
  • Сонымен қатар саңырауқұлақ мицелиі мен оның токсиндері тамырлық қынап клеткалардың ісінуі мен дегенеративтік өзгерістерін тудырады, осының нәтижесінде жүннің қорек алуы бұзылады, олар ыдырайды және сыңғақ келеді. Саңырауқұлақтардың тері мен жүнде өсіп-өнуіне қарамастан, трихофитияда дене температурасы көтеріледі және лейкоцитоз байқалады, өйткені саңырауқұлақ токсиндері бүкіл организмге де әсер етеді. Көптеген малдарда зат алмасуының бұзылуынан шегіне жеткен арықтық дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет