Микроспория — терінің және оның туындыларының сыртқы қабынуымен сипатталатын Міcrosporum саңырауқұлақтарының түрімен туатын малдар мен адамның жұкпалы ауруы. Таралуы. Ауру барлық жерде кездеседі.Микроспория мысықтарда, иттерде, жылқыда көбірек кездеседі; бағалы терілі аңдар, кеміргіштер, тышқандар, теңіз шошқалары да ауруға бейімді. - Микроспория — терінің және оның туындыларының сыртқы қабынуымен сипатталатын Міcrosporum саңырауқұлақтарының түрімен туатын малдар мен адамның жұкпалы ауруы. Таралуы. Ауру барлық жерде кездеседі.Микроспория мысықтарда, иттерде, жылқыда көбірек кездеседі; бағалы терілі аңдар, кеміргіштер, тышқандар, теңіз шошқалары да ауруға бейімді.
- Қоздырушының көзі — ауру малдар; адамдар үшін — ең алдымен ауру мысықтар мен иттер. Адам ауруының 85% мысықтардан зарарлануға байланысты деп саналады.
- Малдардың ауруы жылдың кез келген уақытында белгі береді, бірақ кебінесе күз — қыс мерзімінде. Көп жағдайда, әсіресе, бағалы терілі аңдардың арасында аурудың үлкен қозулары байқалады. Патогенезі трихофития ауруыныкіндей.
- Клиникалық белгілері. Трихофитиядағы сияқты сыртқы, тереңдегі және атиптік формалары ажыратылады. Жасырын кезеңі — 22—47 күн.
- Жылқыларда басының, мойынның, жауырындарының шоқтығының, сауырының, аяқтарының айналасындағы терілер зақымданады. Сыртқы формада тары дәнінің көлеміндей кішкене қабынулар пайда болады. Одан кейін күлдіреулер жарылады, асбестке ұқсас қабыршақтар құралады.
- Тереңдік формасы сирек кездеседі, бұндағы клиникалық белгілер трихофитиядағыдай. Көрнексіз формасы жазда болады, бұл жағдайда жүндер сынып түседі, сондықтан терінің зақымданған жерлері байқала қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |