Қазақстан Республикасында ірі қара малының басы және алыс шет елдерден сатып алынатын мал басы да жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан да біздің еліміздегі мал шаруашылығы отандық биологиялық дәрмектерге зәру, себебі биологиялық дәрмек трихофития ауруына тосқауыл болып, алынатын сүт, тері мен ет өнімдерінің таза болуының айғағы.

Ірі қара малының трихофитиясына қарсы дайындалатын отандық инактивтендірілген вакцинаның екі қасиеті бар, ол алдын алу, емдеу және үш еселенген алдын алу мөлшері трихофития ауруының асқыну деңгейіне байланысты егіледі.
Отандық биологиялық дәрмек ең бірінші Қазақстан Республикасындағы ірі қара мал шаруашылықтарындағы трихофития індетін емдеуге бағытталады. Дайындалатын биологиялық дәрмектің әлеуметтік маңызы мал шаруашылықтарында кездесетін індеттік саңырауқұлақ ауруын бір мезгілде алдын алу және емдеу арқылы жоғары сапалы халық мүддесіне жарамды өнімдерге (сүт, ет және тері) қол жеткізуге болады.
Трихофития ауруын залалды саңырауқұлақтар тудырады, сондықтан аталмыш ауруды дәрі-дәрмектермен емдеу, әрқашанда тиімді болмайды.