Микроспория — терінің және оның туындыларының сыртқы қабынуымен сипатталатын Міcrosporum саңырауқұлақтарының түрімен туатын малдар мен адамның жұкпалы ауруы. Таралуы. Ауру барлық жерде кездеседі.Микроспория мысықтарда, иттерде, жылқыда көбірек кездеседі; бағалы терілі аңдар, кеміргіштер, тышқандар, теңіз шошқалары да ауруға бейімді.

Қоздырушының көзі — ауру малдар; адамдар үшін — ең алдымен ауру мысықтар мен иттер. Адам ауруының 85% мысықтардан зарарлануға байланысты деп саналады.
Малдардың ауруы жылдың кез келген уақытында белгі береді, бірақ кебінесе күз — қыс мерзімінде. Көп жағдайда, әсіресе, бағалы терілі аңдардың арасында аурудың үлкен қозулары байқалады. Патогенезі трихофития ауруыныкіндей.
Клиникалық белгілері. Трихофитиядағы сияқты сыртқы, тереңдегі және атиптік формалары ажыратылады. Жасырын кезеңі — 22—47 күн.
Жылқыларда басының, мойынның, жауырындарының шоқтығының, сауырының, аяқтарының айналасындағы терілер зақымданады. Сыртқы формада тары дәнінің көлеміндей кішкене қабынулар пайда болады. Одан кейін күлдіреулер жарылады, асбестке ұқсас қабыршақтар құралады.
Тереңдік формасы сирек кездеседі, бұндағы клиникалық белгілер трихофитиядағыдай. Көрнексіз формасы жазда болады, бұл жағдайда жүндер сынып түседі, сондықтан терінің зақымданған жерлері байқала қоймайды.