- Аурудың сыртқы белгілері.Ірі қара малда бас және мойын терісінен басталса, жылқы мен итте бас,құйрық, сирақ терілері қамтылады да, біртіндеп бүкіл денеге тарайды. Құстағы парша түрі бас терісін және көзді зақымдайды. Қабынған жерлердің жүні түседі, үнемі уатылып сыртқы ортаны ластайтын ақшыл сұр түсті қотырлар пайда болады. Ауру асқынып, сырттан енген микробтардың әсерінен кейде іріңді жаралар бүкіл денеге жайылса, мал сепсистен (өлі тию) өледі.
- Емі және дауалау. Дерматомикоздарға шалдыққан жануарларды емдеу үшін және ауруларды дауалау мақсатында ЛТФ-130(ірі қара малға), СП-1(жылқыға), Ментовак (терісі бағалы аңдарға), УШВАК (түйе,жылқы,ірі қара және қойға) індет ошағы тіркелген шаруашылықтарда қолдану нұсқауына сәйкес егіледі. Ауырған малға вакцина мөлшері сақтық дозасына қарағанда екі есе көп қолданылады. Вакциналар болмаған жағдайда ЯМ, трихотецин, РОСК, СК сүртпемайлары қотырдың үсті өткір пышақпен қырылып тасталғаннан кейін жағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |