Инф олимпиада doc


Массивтерге программа құру



бет19/66
Дата08.02.2022
өлшемі91,93 Kb.
#123795
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
1544775476 (1)

Массивтерге программа құру.
Массивтерді көшіру.
А және В массивтері берілген. А массивіндегі элементтерді В массивіне көшіру программасын құру.

Бұл программаны екі түрлі жолмен құруға болады, бір массивке басқа бір массивтің элементтерінің мәндерін көшіру үшін төмендегідей операторларды қолдануға болады:


а) В:=А; - В массиві А массивінің барлық элементтерін меншіктейді.
ә) For K:=1 To N Do В[К]:=А[К]; - циклдің әр орындалуында В массивінің К нөмірлі элементі А массивінің К нөмірлі элементінің мәнін меншіктейді, мұндағы К – цикл параметрімен бірге массив индексінің қызметін қоса атқарады.
Екі жағдайда да А массивінің элементтерінің мәні өзгермейді, ал В массивінің әрбір элементі А массивінен өзіне индексі сәйкес элементтің мәнін қабылдайды.
а) жай меншіктеу операторымен:
PROGRAM Kosh1;
USES Crt;
VAR K:Integer; A,B:Array[1..100] of Real;
BEGIN Clrscr;
For K:=1 To 12 Do Readln(A[K], B[k]);
B:=A; Writeln;
For K:=1 To 12 Do Write(B[k]:6:1);
Readln END.
ә) циклдік оператормен:
PROGRAM Kosh2;
VAR K:= Integer; X,Y:Array[1..100] of Real;
BEGIN For K:=1 To 12 Do Readln(X[K], Y[k]);
For K:=1 To 12 Do B[k]:=A[k];
Writeln; For K:=1 To 12 Do Write(B[k]:6:1);
Readln END.
Массив элементтерінің қосындысын табу.
Егер массив элементтерінің қосындысын S идентификаторымен белгілесек, онда қосынды табатын формула мынадай болады:

S:=X[1]+X[2]+X[3]+…+X[N];


мұндағы: X – массив элементтері, N – массивтегі элементтер саны.

Қосындыны сызықты программа құрып, жай меншіктеу операторы арқылы жоғарыдағы формуламен шығара салуға болады. Бірақ массив өте көп элементтерден тұрса, бұл формуланы ұзақ жазуға тура келеді. Сондықтан бұл формуланы циклдің ішіне кіргізіп қосындыны төмендегі формуламен есептеп шығаруға ыңғайлы болады:


FOR K:=1 TO N DO S:=S+X[K];
мұндағы:
K – цикл параметрі және массив индексінің қызметін бірге атқарып тұр.
N – элементтер саны.
өрнектің сол жағында тұрған S – қосынды.
өрнектің оң жағында тұрған S – қосындының бастапқы(К=К-1болғандағы)
мәні, цикл басталмай тұрғандағы мәні 0-ге тең. X[K] – индексі К мәніне тең массив элементі(мысалы К=1болғанда X[1] ).
Массив элементтерін шығару.
Кейбір есептеулерде белгілі бір шарттың орындалуына байланысты массив элементтерін іздеп табу керек болады. Ол үшін цикл арқылы массивтің барлық элементтерін берілген шамамен салыстыру процесін ұйымдастыру керек. Егер циклдің әр орындалуында массивтің жаңа элементі берілген шартты қанағаттандырса, онда бұл элемент ізделінген элемент болып табылады. Мысалы:
1.Массивтің 5-ке тең элементтерін экранға шығару:
.......If A[K]=5 Then Write(A[K], ‘ ‘);………….
2.Массивтің жұп элементтерінің нөмірлерін(индекстерін ) шығару:
........If A[K] Mod 2=0 Then Write(‘K=’, K, ‘ ‘ )…………
3.Массивтің 7-ден үлкен және 15-тен кіші элементтерінің санын табу:
N:=0;…If(A[K]>7)And(A[K]<15) Then N:=N+1;………..
Writeln(‘N=’, N);
4.Массивтің 10-нан үлкен элементтерінің қосындысын табу:
S:=0;……….If A[K]>10 Then S:=S+A[K];…………….
Writeln(‘S=’,S);
5.Массивтің 5-тен кіші элементтерінің көбейтіндісін табу:
P:=1; ………… If A[K]<5 Then P:=P*A[K];………
Writeln(‘P=’,P);
X(7) массивіндегі теріс элементтер санын табу.
PROGRAM Santabu;
VAR K,S:Integer; X:Array[1..100] Of Real;
BEGIN For K:=1 To 7 Do Read(X[K]);
S:=0;
For K:=1 To 7 Do If X[K]<0 Then S:=S+1;
Writeln(‘Теріс эл.саны = ‘,S);
Readln END.
Жылдық , жаз айларының , қыс айларының , көктем және күз айларының орта температурасын шығару.
PROGRAM Ortatemp;
CONST
X:Array[1..12] OF Real=(-12,-5,-1,8,14,21,37,39,32,19,13,4);
VAR K: Integer; S,S1,S2,S3: Real;
BEGIN For K: =1 To 12 Do Write(X[K]:4:1); Writeln;
S:=0; For K:=1 To 12 Do S:=S+X[K];
S1:=0; For K:=6 To 8 Do S1:=S1+X[K];
S2:=0; For K:=1 To 12 Do If (K<3) Or (K>11) Then S2:=S2+X[K];
S3:=0; For K:=3 To 11 Do If (K<6) Or (K>8) Then S3:=S3+X[K];
Writeln (‘жылдық орта температура =’, S/12:4:1);
Writeln (‘ жаздық орта темп-ра =’, S1/3:4:1);
Writeln (‘қыстық орта темп-ра =’,S2/3:4:1);
Writeln (‘күздік-көктемдік орта т-ра =’, S3/6:4:1);
Readln End.
2 Бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет