Инфекция туралы жалпы ұғым


Қоздырғыш ағзаға ене салысымен, зақымданудың бастапқы инфекциялық ошақ түзіп, енген жерде біріншілік аффект құрып, көбейе бастайды немесе басқа мүшелер мен ұлпаларға тарай



бет6/10
Дата09.03.2022
өлшемі4,19 Mb.
#134737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абдиева Г.Ж.-4
Вашков В.И. Антимикробные средства и методы дезинфекции при инфекционных заболеваниях, зерт сабак, ВС 1-ші зертханалық сабақ., Балык 2-3, stud.kz-36614, Презентация

Қоздырғыш ағзаға ене салысымен, зақымданудың бастапқы инфекциялық ошақ түзіп, енген жерде біріншілік аффект құрып, көбейе бастайды немесе басқа мүшелер мен ұлпаларға тарай

бастайды. Осылайша, инфекция ену орындары қоздырғыштың ағзада орналасуын, сонымен қатар инфекциялық аурудың патогенетикалық және клиникалық ерекшеліктерін анықтайды. Мысалы,

стафилококктар мен стрептококктардың тері арқылы қанға енуін сепсис деп атайды, ал тыныс алу

жолдарының шырышты қабаты арқылы ену бронхит,

пневмония, ал уретраның шырышты қабаты арқылы ену

- іріңді уретриттерді тудырады. Ішек таяқшасы теріге іріңді процестер арқылы енгенде, ол аш және тоқ ішекке еніп, ішек инфекциясын қоздырады.


(сепсис)
(бронхит)

Даму барысында инфекциялық процесті


Инфекциялық процестің сатылары
бірнеше сатыға бөлуге болады:
  • Инфекциялық агенттің енуі, оның

  • организмнің ішкі ортасына бейімделуі және
    олар бағытталған ұлпаларға орналасуы.
  • Патогендік микроорганизмдердің

  • гомеостазының бұзылуына әкелетін және
    деструктивті әсер ететін өнімдердің
    (токсиндердің, ферменттердің) түзілуі.
  • Инфекциялық агенттердің ену

  • ошағынан таралуы. Микробтар көбінесе лимфа немесе қан ағымында кездеседі.

Микробтар көбінесе лимфа немесе қан ағымында кездеседі. Қанда немесе лимфада микроорганизмдерді немесе токсиндерді анықтауға байланысты
бірнеше терминдер бар:
1) бактериемия - қанда бактериялардың болуы; 2) фунгемия - саңырауқұлақтардың қанда болуы; 3) вирусемия - вирустың қанда болуы;
  • паразитемия - қанда қарапайымдылардың болуы;
  • токсикоз - қанда токсиндердің болуы.

  • Кейде бұл жағдайлар клиникалық, кейде симптомсыз болуы
    мүмкін. Дені сау адамдардың қан айналымында
    кейде Staphylococcus epidermidis, Clostridium
    perfringens кездеседі. Микроорганизмдердің қанға енуінің клиникалық көрінісі белгілі бір жағдайларда олар жарақат кезінде немесе медициналық процедуралар кезінде қанға түскенде көрінеді.

Бактеремияның басты ерекшеліктерінің бірі - микроорганизмнің қанда айналуы, бірақ қанның бактерицидтік қасиетіне байланысты қанда көбеймеуі. Алайда қанның микробицидтік қасиеті төмендеген кезде микроорганизмдер қан ағымында көбейе алады. Яғни, қандағы микроорганизмдердің көбеюін сепсис(грек. Sepsis - ірің) деп
атайды. Қоздырғыш тек қана қанға көбейгенде, оны септицемия деп атайды. Ал микроорганизмнің тек қанда көбейіпқоймай, сонымен қатар микроорганизмнің әр түрлі ұлпалары мен
мүшелерінде іріңді қабынудың жаңа ошақтардың түзуін
септикопиемия деп атайды. Егер жұқпалы аурудың патогенезінде басты рөлді қан айналымдағы экзотикалық немесе эндотоксиндердегі қоздырғыштың болуы атқаратын болса, бұл жағдай токсемия деп аталады. Қанайналым жүйесіндегі микроорганизмдердің айналымы көптеген инфекциялардың патогенезіндегі маңызды және міндетті кезең болып табылады. Бактериялық немесе токсинді-септикалық шок бактериялар мен олардың қандағы токсиндерінің көп болуына байланысты пайда болады.
Гематогенді жол
  • Қан айналу жолы арқылы таралуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет