Тропизм (грекше Trope - бағытталған), көптеген қоздырғыштарға тропизм, яғни белгілі бір ұлпаларға бағытталу
құбылысы тән. Мысалы, гонококк жыныс мүшелерінің немесе көздің шырышты қабығына түскенде ғанагонорея ауруын тудырады. Дизентерия амеба ішектің шырышты қабығына түскен кезде амебалық дизентерияны тудырады. Микроорганизмдердің тек өздеріне сай шырышты қабаттар мен ұлпаларда ауру тудыру қабілеті олардың тропизмімен түсіндіріледі.
Пантропизм -қоздырғыштардың ену жолына қарамастан әр түрлі полиморфты зақымданулар тудыруы мүмкін. Пантропизмге қабілетті микроорганизмдер енген ұлпасы мен
мүшелеріне әр түрлі зақым келтіреді және
жұқпалы аурулар тудырады.
Мысалы, туберкулез (өкпенің, бүйректің,
жатырдың, сүйектің туберкулезі) немесе оба
таяқшалары бірдей қабілетке ие.
Пантропизм