Инфекциялық процесс құбылыстар мен макроорганизмнің ішкі ортасының қалыпты жағдайын бұзатын процестер, патогендік микроорганизмдердің енуі мен көбеюі нәтижесінде пайда болатын физиологиялық
функциялар. Инфекциялық процесс
макроорганизмдер мен патогендік микроорганизмдердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын және дамитын физиологиялық, патологиялық және репаративті реакциялардың жиынтығымен сипатталады. Инфекциялық процесс субмолекулалық, субклеткалық, жасушалық, ұлпалық, органдық және организмдікдеңгейде
жүреді. Инфекциялық процесс кезінде патогенді
микроорганизмдер және олардың тіршілігінің
токсинді заттары, ферменттері сияқты өнімдері мен ие организм органдары және ұлпалары,клеткалар арасында әр-түрлі қарым-қатынастар орнайды.
Инфекциялық ауру Инфекциялық ауру - бұл зертханалық немесе клиникалық әдістермен анықталатын инфекциялық процестің құбылысы. Инфекциялық ауру клиникасы айқын инфекциялық процестің формасы.