Минингит
Менингококты инфекция –назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактериялды жедел инфекциялық ауру. Этиологиясы. Neisseria, meningitidis (Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы) Менингококк-клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін L-түріне айналатын, эндотоксин және нейромидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі Инфекция көзі.
• әр түрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар
• бактерия тасымалдаушылар
Берілу механизмі. Ауа-тамшылы жолмен жұтқыншақтың шырышты қабатына енеді, сол жерде бала назофарингитпен ауырады,егерде баланың қорғаныс қабілеті жақсы болса, ауру әрі қарай таралмай осыменен аяқталады, ал егер баланың иммунитеті әлсіз болса, онда қоздырғыштар мұрын – жұтқыншақтың лимфо тамырлары арқылы қанға өтеді. Менингококты инфекцияда инфекциялық процесс төмендегідей қалыптасады: • менингококктың ену қақпасы-мұрын жұтқыншақтың шырыш қабаттары.
Орналасқан жерінде (мұрынжұтқыншақта көбінде 60-70%-ке дейін) “сау” тасымалдаушылық қалыптасады,
• 30%-де назофарингит дамиды
• 1% инфекциялық процесс жайылған түріне өтеді.
Менингококктар алғашында мұрын жұтқыншақтың шырышты қабатында орналасып, онда жеткілікті қабыну процесін туғызады (клиникалық белгілерсіз) – “сау” тасымалдаушылық, назофарингит кезінде жергілікті өзгерістермен қатар, айқын токсинемия және бактеремия байқалады. Генерализацияланған түрінде қоздырғыш жергілікті тосқауылдардан өтіп, бактеремия туғызады. Бактеремия арнайы монополисахаридтердің әсеріне байланысты айқын токсинемиямен қатар өтеді.
Процестің жайылуында мына факторлар маңызы болуы мүмкін: -қоздырғыштың инфицирлеуші дозасы, оның вируленттігі мен инвазивтілігі -жастық фактор (балаларда ересектерге қарағанда жайылған түрі жиі кездеседі) -ағзаның иммуногенетикалық ерекшеліктері (жергілікті иммунитеттің, иммунитеттің клеткалық звеносының фагоцитарлық жүйенің, комплемент жүйесінің т.б. жағдайы) -менингококктардың басқа бактериялармен, вирустармен ассоциациясы. Токсиннің әсерінен (липополисахарид) гемостазды бұзатын бірқатар қиын процестер туындайды. Бұл тұрғыда липополисахаридтің концентрациясының маңызы бар (токсинемия дәрежесі): төмен концентрация арнайы және арнайы емес қорғаныс факторларын белсендірсе, ал жоғары керісінше тежейді, сондықтан ауыр ағымда токсикалық-инфекциялық шокпен өтеді. Жайылған формалардың патогенезінде сонымен қатар баяу типті гиперсезімталдық және миокардит, перикардит, полиартрит дамуына келтіретін иммундық комплекстердің маңызы да зор. Ересектерде менингококкты инфекцияның басты жайылған түрі және интоксикациямен, менингеальді синдроммен сипатталады. Басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауруы, қайталап құсу (жүрек айнусыз) болады. Бұл триада ерте көрінеді және ең тән және тұрақты көрініс болып тбылады. Науқастарда өте тез мазасыздану, қимылдық қозу, терінің гиперестезиясы, дамиды.
Алғашқы тәулікте менингиальды синдром дамиды: желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, жұлын нервтерінің зақымдануы мүмкін (жиі ІІІ, ІУ, УІ жұп нервтері), ақыл – есі бұзылуы мүмкін, есеңгіреуден комаға дейін қатты айқындалған психомоторлы қозумен көрінуі мүмкін. Науқастың сыртқыкелбеті: мойын, бет терісінің гиперемиясы, ерін шырышты қабығы құрғақ, склера және коньюктива тамырлары иньекцияланған болады. Науқас міндетті қалып қабылдайды, бүйіріне жатады, аяқтары бүгілген және ішіне қарай тартылған, басы біраз артқа шалқайған.
Достарыңызбен бөлісу: |