Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз


Инфекция көзі - ауру адам. Инфекциялы кезең вирус жұқтырғаннан кейін 7-8 күннен бастап бөртпе шыққаннан кейін 10 күн жалғасады



бет5/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1

Инфекция көзі - ауру адам. Инфекциялы кезең вирус жұқтырғаннан кейін 7-8 күннен бастап бөртпе шыққаннан кейін 10 күн жалғасады.
Берілу механизмі – аспирациялы, аэрогенді (горизонталды) және вертикалді. Берілу жолы - ауа- тамшылы. Вертикалді механизммен – анадан балаға жұғады. Жүкті әйелдердің алғашқы 3 айында ауырғаны аса қауіпті, өйткені туа біткен қызамық патологиясымен туылуы мүмкін. Туа біткен қызамық синдромы белгілері: бауыр, көкбауыр үлкеюі, жүрек патологиясы, микроцефалия, өлі туылуы, катаракта. Туа біткен қызамықпен ауырған балаларда вирус 1,5-2 жылға дейін сақталады. Инкубациялық кезеңі: 11-24 күн.
Диагностикасы:
1. Вирусологиялық әдіс – мұрын-жұтқыншақтан жұғынды алу.
2. Серологиялық зерттеу (ГАТР,КБР).
Диагноз зертханалық зерттеу қорытындылары (зертханалық растау) бойынша расталған және эпидемиологиялық байланыс болғанда (эпидемиологиялық байланысты жағдай), сондай-ақ клиникалық белгілеріне сай ауру жағдайлары (клиникалық жағдайлар) бойынша қойылады.
Емі — ауру білінісімен балаға витамині мол тағамдар беру, антибиотиктер ішіп, қан құю керек. Аурумен бірге болған жүкті әйелдерге иммунды-глобулин егеді. Науқас жатқан бөлме таза ұсталып, гигиеналық талап қатаң сақталуы керек.
Алдын алу шаралары. Эпидемиологиялық тексерудің мақсаты инфецияның көзін, таралу жолдарын және қатынаста болған адамдарды анықтау, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру. Науқас адам клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткішке қарай ауруханаға жатқызылады. Науқасты жекешелеу бөртпе пайда болған күннен 5 күнге дейін. Егер жүкті әйел болса (алғашқы 3 айда) оны 10 күнге жекешелеу қажет (басқа пәтерге, басқа жұмысқа). Қатынаста болған адамдарға шектеу шараларын қолданбайды. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды әдіспен жинау қажет. Бала бақшада тіркелсе карантин берілмейді. ДДҰ (ВОЗ) шешіміне сәйкес 2010 жылға дейін қызамықпен сырқаттанушылықты (СВК) 0,01–ге дейін азайту жоспарланған. Жүкті әйелдерді қызамық ауруынан сақтандыру мақсатында 2004, 2005 жылдары репродуктивті 35-ке дейінгі жастағы әйелдерге қызамыққа қарсы вакцина егу апталықтары жүргізілді.
Арнайы алдын алу. Қызамыққа қарсы вакцина 12-15 айда егіледі, ревакцинация 6-7 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинамен бірге немесе ҚҚП - қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы тривакцина түрінде егілед

1

3

3

Түркістан облысына Пәкістаннан оралман Орман отбасымен көшіп келді. Отбасында: әкесі-43 жаста, шешесі-40 жаста, қызы-16 жаста 6 жасар баласы бар. Әкесінің туыстарында тұрады. Медициналық көмекке және әлеуметтік жеңілдік алуға құжаттар дайындап жүр. Педиатордың қарауында 6 жасар бала іш аймағының ауыруына, әлсіздікке, тершеңдікке, және қолдарының ауыруына шағымданады. Баланың анамнезінде екі күн бұрын температура болғаны анықталды. Сондай-ақ анасының айтуынша, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің жоғалуына, жұтудың қиындығына, баланың әлсіз және жылауық болғандығына шағымданады.Баладене температурасының жоғары болуымен балалар ауруханасынажедел медициналық жәрдем көмегімен егу куәлігінсіз жатқызылды. Баланы қарап тексергенде сол қолының саусақтары қалтырауы, дәретінің бұзылғандығы, баланың мәжбүрленіп отыруы және тұрақсыз қалпы анықталды. Педиатр «жедел әлсіз парез» диагнозын қойды. Қосымша сұрастыру барысында, балаға екпе кезінде қателік жіберілгендіктен екпелерді толық алмағандығы анықтады. Ата-анасы балаға жоспарлы иммунизация жүргізуге қарсылық танытқан.
1.Инфекцияның атауын анықтаңыз;
2.Инфекция қоздырғышын, берілу механизмін анықтаңыз;
3.Бұзылыстар себебін анықтап, түсіндіріңіз және көрсетіңіз;
4.Егу күнтізбесіне сәйкес алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет