Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бірақ бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен паралелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды тудыруы мүмкін.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты еңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Инфляцияны реттеудегі ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
2002 жылы Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтап, инфляцияны таргеттеу қағидасына, еуростандарттарға өте бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары.
Әлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары қолданылады. Оны келесі суреттен көруге болады.
Осы аталған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеудің маңызы ерекше болып табылады.
Инфляцияны таргеттеуді ең алғаш Жаңа Зеландиняның Орталық банкі 1990 жылдан бастап қолдана бастады. Сондай-ақ соңғы он жылда бұл ақша-несиесаясатының бағытына келесі елдер өтті: Канада (1991), Ұлыбритания (1992), Швеция (1993), Испания (1994) және т.б. елдер.
Осылайша инфляциялық таргеттеу элементтеріне Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Польша және Венгрия мемлекеттері өтті.
Инфляциялық таргеттеу инфляция көрсеткіштерінің жүйелі мақсаттылығын анықтауды, яғни Ұлттық банк инфляцияның орта мерзімді көрсеткіштерін алдағы үш жылға алдын ала анықтап отырады.
Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтеріне келесілер жатады:
Анықталған көрсеткіштердің белгіленген мөлшерлері туралы алдын-ала басылымдарда жария ету;
Ақша-несие саясатының ұзақ мерзімді басты мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Аралық мақсаттарды таңдауда еркіндіктің болуы;
Реттеуші органдардың жауапкершілігін жоғарлату, яғни ол жоспарланған көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етеді.
Инфляциялық таргеттеу қағидаларына әлемдік тәжірибе бойынша мыналар жатады:
Бюджеттің тұрақты жағдайы және макроэкономикалық тұрақтылыққа кепілдік беру;
Толық қанды қызмет етуші қаржы жүйесі және валюта бағамының тұрақтылығы;
Ұлттық банктің бағаны реттеудегі шараларының тәуелсіздігі;
Саясат құралдары мен инфляция арасындағы байланыстарды түсіну;
Ифляция қарқынын жоспарлаудағы тиімді әдістер жиынтығын қолдану;
Жүргізілген саясаттың ақпараттық анықтығы.
Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу қағидаларына өтуі «SWOT» анализ деп аталатын экономикалық талдаудың негізінде 4 бөлімнен тұрады.
Басым жақтары;
Әлсіз жақтары;
Мүмкіншіліктер;
Қатерлер.
Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеудегі негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, осы міндетті орындауда Ұлттық банк келесі міндеттерді іске асырады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатын құру және жүргізу;
Төлем жүйесін құрылымдау, еуропалық төлем жүйелерін ұлттық экономикаға тиімді формаларын дамыту;
Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу;
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |