Ғылыми негізіділік және түсініктілік принципі талаптары. Оқушыларға жалпы білім ретінде ұсынылатын діни білімінің ғылыми негізділігін қамтамасыз ету үшін, оқулықта дін саласындағы ғылыми басылымдарда жарық көрген барлық деректердің ішінен осы пән үшін ең маңызды деп санаған бөлігі барынша сарапталып, жүйеленіп, жинақталып беріледі. Ол үшін жасалған алғашқы қадам – әрбір діни құбылысқа байланысты пікірлер ғылыми ұғымдарға жеткізетін оқу пәнінің, тараулар мен бөлімдердің, әрбір тақырыптың құрастыру логикасына сай оқу материалын баяндау, меңгеру логикасын құру. Мысалы арнайы кесте, сызбалар беру, ой қозғау жұмыстары оқушыны өз пікірін ерікн, ашық айтып жеткізуге жетелейді.