«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің тұжырымдамалық негіздері
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың мақсатын Қазақстанның жас азаматының көпконфессиялық қоғам жағдайында жер беті халықтарын арасында діни сенімдер мен діндердің пайда болуы, орнығуы мен дамуы туралы білімі, діннің мәнін, оның адам өмірі мен қоғамдағы алатын орны, мақсаты мен мұратын түсіне, ажырата алу, өзін және жақындарын деструктивті, экстремистік және радикалды діни ағымдардың ықпалынан қорғайә алу біліктілігі, өзгенің діни танымына құрмет сезімі мен өз сеніміне құндылық қатынасы, зайырлылық ұстанымға және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлғасының қалыптасуына жағадай жасау деп түсінуіміз керек. Сонымен пәннің мақсаты- еліміздің жас азаматтарының жеке бас және мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде зайырлылық ұстанымға, жоғарғы адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие толерантты тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің тұжырымдамалық негіздері
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытуды ұйымдастырудың принциптері
Пәнді оқыту мақсатымен тығыз байланысты, оқулықтағы оқу маетриалын құрылымдауға және оқыту үдерісін ұйымдастыруға негіз болып табылатын келесі дидактикалық принциптер талаптарына көңіл аудару қажет:
ғылыми негізділік пен түсініктілік;
жүйелілік пен бірізділік;
саналылық пен белсенділік;
білімді игерудің беріктігі;
пәнаралық және пәнішілік байланыс;
мәдени сәйкестілік принципі;
проблемалылығы;
даралай және саралай оқыту;
оқу тапсырмаларының көпдеңгейлігін қамтамасыз ету;
білімнің қолданбалылығын, яғни, оқушының функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |