2-жаттығу. Мәтіннен көсемшелердің қолданыстағы мағынасын ажыратыңыздар.
Үй иесі бұлардың малма су киімін шешіндіріп, кептіргелі әкетті (Х.Р.). Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп, асығып келеді екен. Бірақ Абай мұның тұсына таман кеп тұрып, ақсия күлді. Қарқаралыдан қайтқан соң, Тоғжанға бір сәлем жолдап, көріспекті тілеген. Соған Тоғжан шыдамапты (М.Ә.). Дәмеш кемпір қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім есітті (Х.Е.).
Әдістемелік нұсқаулықтар: Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,
Материалды жүйелеу, практикалық сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |