Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін, рай, шақ түрлерін меңгеру, көсемше мен есімше тұлғалы етістіктерді ажыртау, етістік жасаушы жұрнақтарды қарастыру, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Мәтіннен етіс тұлғалы етістіктерді тауып, талдаңыздар.
Ала ат мінген терең шаттың дәл аузына таянғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады. Тар ауызда тас тасалап, сүр шекпенді, бесатарлы біреу жатыр бас бағып. Әлгі шекпен ала аттыны көре сала, ақ орамал көтерді, ала ат мінген оны көріп ақ тымағын көтерді. Сөйтті дағы ала ат мінген қаптағаймен ат жетелеп, асып кетті әрі қарай. Марқакөлде майға бөккен мал мен ел, тау ызғары жамбасынан өткен соң, етектегі қыстауына еңбектесіп түскен шақ. Мамырбайдың малайлары қора жамап, пешін қалап, үйін сылап болған еді. Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, малайларға киіз үйін қағып-сілкіп, жинатқызып жүрген еді. Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі — жас түлегі, айы-күні — сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді.
2-жаттығу. Көркем шығармалардан етістің түрлеріне 5 сөйлемнен мысал келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |