Майлы бояумен қалай
жұмыс жасау керек
Бейнелеу өнері және сызу, дизайн , сәндік өнер мамандықтарының живопись пәні оқытылатын студенттерге арналады
Жалпы бейнелеу өнері және сызу, дизайн , сәндік өнер мамандықтары студенттері майлы бояумен жұмыс жасағанда көп қатерліктер жіберетіні сөзсіз. Сондықтан осы кітапша майлы бояумен жұмыс жасау тәсілдерін әңгімелейді. Студенттер қауымының ұғымында сабақ беретін мұғалоімдер қалай жазады, солай қолтаңбасына қарай тартады деген түсінік бар.
Мүмкін олайда болуы, дегенмен студенттерүшін белгілі бір қалыптасқан майлы бояу әдістерімен тәсілдері бар.
Қандай да болмасын біздің мемлектіміздің өнер қайраткерлері , майлы бояу шеберлері : Ә.Қастеев, А.Сыдыхановта, Қ.Тельжанов , С.Айтпаев, А.Сыдыхановта осы мектептерден өткен. Осы қайраткерлеріміздің жазу манералы әр түрлі , әр ағымда бала тұрсада майлы бояу әліппесін толық меңгерген.
Сондықтан ешбір мұғалімге немесе қайдада болмасын ағымға еліктемей ағымдағы натюрморттан бастап жалаңаш адам бейнесіне дейінгі бағдарламамызды кәсіби деңгейде орындауымыз керек.
Ол реалистік тұрғыдан орындалатын оқу жүйесіндегі өтілетін толық курсы.
Бейнелеу өнерінің майлы бояу орыс шеберлері , қандай болмасын шығарма жазарда материалды өздері даярлаған. Әр суретшінің өзіне тән тәсілдері болған. Осы суретшілердің өмірлік тәжірибесінен қортынды жасай келіп біз сіздерге ең жеңілді студенттер мүмкіндігін есептеп келесі майлы бояумен қалай жұмыс жасау керектігін ұсынып отырмыз .
Майлы бояуда пигменті зығыр маймен араластыру арқылы алынады. Майлы бояудың әдістері әр-түрлі , бояуымен жұқалатып , немес керісінше кедір бұдыр етіп жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті, акварельдеу емес ұнамаған бояуды мастихин арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп қайта жазуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |