Информационное письмо


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



бет16/32
Дата12.10.2020
өлшемі274,5 Kb.
#64736
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және

баяндама


2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап

беруі


3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Аналитикалық және танымдық қабілеттерін дамыту

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ тақырыбына бөлінген уақыт кестесіне байланысты


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын,

сұрақтарға жауап

беру қабілетін

тексеру


4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Логикалық ойлау қабілетін тексеру

1 – 4

Екінші жұмыс Тақырыпқа байланысты

5 – 11


№4 семинар

№10


Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын

тексеру


5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Практикалық жұмыс





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



Кафедра «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» тьютор оқытушы Отаров Мэлс Тасқалиұлы
Кредит саны – 1 Пән Композиция






Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (50%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. М. Искусство. 1986г 158с.







70




Ж. Молдағалиев атындағы қалалық кітапхана

2

Волков Н.Н. Композиция в живописи.М .Искусство. 1977г 263с.







40




М. Горкии атындағы кітапхана

3

Пучков А.С. Триселев А.В. Методика работы над натюрмортом. М.Просвешение 1982г 158с.

7-оқу ғимараты-ның оқу залы




50







4

Никулина О.Р. Природа глазами художника. М. Советский Художник. 1982г 175с.

7-оқу ғимараты-ның оқу залы




80







5

Алехин А.Д. О языке изобразительного искусства. «Знание» Серия Искусства. М. 47с.1973г.

7-оқу ғимараты-ның оқу залы













5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс 1.

Тақырып: «Киім киген адамның тұлғасын бейнелеу»

Дәріс мақсаты: Студенттердің көркемдік талғамдарын ояту

Кілт сөздері: Сурет живопистьтік шығарманың негізі болса, түс оның басты құралы болып табылады. Сондықтан да суретшілер түсті заттардың нақты түрін көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар көңілді етіп көрсету және ойды поэзия түрінде бейнелеу мақсатында да пайдаланады.

Негізгі сұрақтар:

  1. «Кескіндеме» пәнінің көркемсурет және педагогикалық салада маман дайындауда атқаратын міндеттері.

  2. Үшөлшемділік, көлем, пішін

  3. Кескіндемедегі түстін атқаратын ролі.

  4. «Көру бұрышы», «көру нүктесі», «көкжиек сызығы», «зат жазықтығы», «картина жазықтығы», т.б. сызықтық перспектива заңдылықтары мен негізгі түсінігі.

  5. Гармония пластика заңдылықтары.

  6. Сызықтық және ауа перспективасының негізгі заңдылықтары.

  7. Тұтастық колориттік шешім.

Бейнелеу өнері шығармаларын көзбен көріп, көріністі – образды бейнелер арқылы бағалауға болатындықтан, оны көріністі – бейнелі /визуальды/ /лат. visualis-көрініс/ - өнер деп атайды. Бейнелеу өнері шығармалары шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның рухани мәнің, саяси, философиялық, эстетикалық, адамгершілік идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады, оған эмоционалды-психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнері - өнердің бірнеше түрлерін қамтитын ұғым. Оған негізінен кескіндеме, мүсін, және графика, сән және қолданбалы өнер жатады. Сәулет өнері, қолөнері, дизайн үшін де «кеңістік», «пластикалы», «визуальды» деген түсініктер сәйкес келеді. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Бейнелеу өнері шығармаларында ораздар кино мен театыр, музыкадағыдай уақытқа сай дамымайды. Бұған қарап, бейнелеу өнері сезінгенді, көзге шалынғанды ғана көрсетеді деуге болмайды. Ол шындықты жан – жақты бейнелей отырып, оқиғалардың өрісін айна қатесіз түсіру арқылы адам жанының барлық қалтарыстарын аша алады. Бейнелеу өнерінің көркемдік шешімдері бұған толық айғақ. Суретші образдардың, өмір құбылыстарының типтік жағын таңдап ала отырып, өзі өмір сүрген заманың тірлік - тынысын жинақтап, жан- жақты бейнелейді.



Бейнелеу өнеріндегі бейнелеуші құрал тәсілдер – шығарманың көркем образын жасап шығаруға көмектеседі. Ол жұмыстың көркемдік тілін құрайды. Живопсисьте оның басты бейнелеуші құрал тәсілдерінің бірі бояу түсі арқылы колориттік тиімділікке жетуге, жарық қарқындылығын күшейтуге, не бәсеңдетуге, графикада сызық, таңба, штрих арқылы шығарманың романтикалы, лирикалы т.т. сипатын анықтауға болады. Сол секілді мүсін өнерінде бейнелеу мүмкіндіктері – сомдау әдісі, пластика, пішін, көлем, прапорция қатынасы т.т. терең эмоционалдылық тудыратын құрал тәсілдерге байланысты.

Өнер көркемдікті өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шындықты бұрмалауды көркемдік көтермейді Көркемдік қоғамның дамып отырған талғамына жауап беруі керек. Өнерге тән нанымдылық пен жағымдылық көркемдіктің негізі болып табылады.



Живописьтегі түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш қуатымен өркен жаяды.

Түс – живописьтің жаны. Сондықтан живописьшінің міндеті – картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылық аңғарымпаздықтан ұстай білуінде.



  1. Живописьтің палитрасы, «Палитра» сөзінің екі мағынасы бар: біріншісі – суретші бояуларды салып, араластыратын тақта, екіншісі – суретші жұмыста пайдаланатын бояулардың белгілі бір жиынтығы.

Атақты суретшілер: В.Бакшиевтің, К.Коровиннің, А.Рыловтың палитрасы.

4. «Этюд» - қолға қылқалам ұстаған суретшінің белсенді пайымдауы мен ой толғауы деп айтуға болады.

Этюд салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - өмір мен табиғаттың құбылыстарына жіті көз салып, шынайы беру, бұл құбылыстар сурет салушының бойында тудыратын сезімдерді айқындап дәлме-дәл білдіру.

Композиция (лат. «composito» – «құрастыру, шығарма») – көркем шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.

Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем форма түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ереекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасында белгілейді. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттармен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарықпен көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция «орнықты», «айнымалы», «ашық» және «жабық» болып бөлінеді.Орнықты және ашық түрі Қайта өркендеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылады, ал айнымалы және ашық типтері барокка стилінен айқын көрініс тапты.

Суретші өз шығармасында айтпақ ойын анық және әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін нәрселерді белгілі ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі.



Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнын неғұрлым айқын, нанымды, әсер лі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылымы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді.



Перспектива. (лат. «percpicere» - «анық көремін» деген сөзден шыққан.) Ол кеңістікті қалай бейнелеу туралы ұғым. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуді мүмкіндік береді. Перспективаның бірнеше түрі бар: перцепциялы перспектива, кері перспектива, параллель перспектива, спираль тәріздес перспектива т.т. Қайта өркендеу дәуірінен бастап перспективаның кең тараған түрі – сызықтық перспектива. Перспективадағы негізгі маңызды болып табылатын түсініктер: көкжиек сызығы, орталық шығу көзі, көру нүктесі, қарау бұрышы. Жалпы алғанда перспектива суретші таңдап алған көркем әдіске байланысты композициялық тиімді шешімге көмектеседі. Ауа перспективасы – ауа кеңістігімен қашықтыққа байланысты нұсқаның, бейненің көмескіленуі, өзгеруі. Суретші нұсқамен жұмыс істеген уақытта оның алыс-жақындығына қарай кескін айқындығының, бояу түсі байлығының, нұрсая өзгерісін ескереді.

Оны бірінші рет байқап, өз шығармасында бейнелеген – Италиян суретшісі Леонардо да Винчи.

Перспектива заңдылығының ашылғаны бейнелеу өнеріндегі елеулі оқиға болды. Ол картинада тереңдік пен кеңістікті дәл бейнелеуге мүмкіндік береді. Бейнелеу өнерінің көркемдігін, әсерлігін арттыруға ықпал етеді.

Бояу түсі. Ол живопистік шығарманың басты бейнелеу құралы, дегенмен бояу түсі графика мен мүсін өнерінде сирек болса да пайдаланылады. Ал қолөнер бұйымдарында бояу түсі мәндік мағыналы рәмізге ие. Ақ - кіршіксіз тазалықтың, ұлылықтың, бақыттың қуаныштың белгісі. Қара – жердің, берекенің нышаны. Көк – аспан, мәңгілік белгісі. Қызыл – оттың, күннің рәмізі. Сары – ақыл, парасаттың, қайғы-мұңның белгісі.

Бояулар қарқыны живопистік шығармадағы бояулар екпінділігін аңғартады. Бояу түсінің гамасы (гр. gamma) – бейнелеу өнерімен сәндік қол өнер шығармаларында бір бірімен байланысты бояу реңдерімен үйлесімділікте болады. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңімен байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет ғұрып, салт-санасына қатысты қолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады.

Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды.

Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді.

Түстер жылы, суық болып екіге бөлінеді. Сары, қызыл, қызғылт, қызғылт сары – жылы түстерге жатады. Ол күзгі кешкі

шапақтың піскен нарт алманың түстері. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түске жатады. Олар аспанның қарлы даладағы кешкі ымырттың түсі. Жылы түске де суық түске де жататын түстер бар. Мәселен жасыл түс. Бояуларды бір-біріне қосу арқылы суретші жаңа түс табады. Түстердің саны жетеу болғанымен реңдер саны көп.

Живописьте басты нәрсе – түс. Өйткені дүниенің бар байлығы мен сұлулығын сол түс қана бере алады. Суретші заттың қасиеті мен бояуын сол түс арқылы бере алды.

Живописьтің таза мағынасы – бояу арқылы жазық бетіне бейнелеу деген сөз. Музыка үшін 7 нота қандай рөл атқарса, живопись үшін ең қою қалың бояудан ең нәзік реңдерге дейін сондай рөл атқарады. Суреттің белгілі бір әсері көңіл күйдің түпкі ойын білдіреді. Түс – живописьтегі ең басты нәрсе. Әр қилы суретшінің картиналарын салыстыра қарасақ, олардың түстік рең талдау жағынан өте – мөте түрліше екенін көреміз.

Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстерді бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Колоритті үйренуге болмайды, ол айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзіңде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге де әсері шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояуларының үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет