Информатика 8-сынып

бет4/10
Дата21.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#14436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Екілік сандармен кандай арифметикалық амалдар орындалады?

2. Екілік сандар үшін қосу амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?

3. Екілік сандар үшін азайту амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?

4. Екілік сандар үшін көбейту амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?

5. Екілік сандар үшін бөлу амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?
Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы 2.3. тақырып

Сабақтың тақырыбы: ЕКІЛІК АРИФМЕТИКА

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту,

бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.

  1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

  2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

  3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмүкін?

  4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

Жаңа материалдың мазмұны:

§2.3. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.

Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.

Қосу

0+0=0

1+0=1

0+1=1

1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.

Мысалы:

101

+

011

Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.

  1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:

1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:

0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:

  2. Нәтижеде

101

+

011

  1. алдық. Сонымен, 10002=810

Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.

Азайту

0-0=0

1-0=1

0-1=1

1-1=0

Мысалы :

101

-

101

К
0*0=0

1*0=0

0*1=0

1*1=1
өбейту

Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:

101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5

*

110 1102= 1*22+1*21+0*20=6

000

111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010

Яғни 5*6=30

Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты

аяқтаймын.

Үйге тапсырма: есеп шығару
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.
Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Логиканың негізгі түсініктері.

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,

«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Пікір дегеніміз не?

2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?

4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?

5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?

6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
Үйге тапсырма: Логика және логикалық операциялар
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.

Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Логикалық амалдар.

Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.

Коньюнкция:

-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.

Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі 1-суретте көрсетілген.

Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі

Ақиқаттық кестесі

Эйлер-Венн диаграммасы

А

В

А^В

0

0

0

0

1

0

1

0

0

1

1

1

Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.

Дизьюнкция:

-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.

Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.

Инверсия:

-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.

Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Коньюнкция дегеніміз не?

2. Дизьюнкция дегеніміз не?

3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?

4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?

5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?

Үйге тапсырма: Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.

Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді

жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компоненттері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?

Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.

Дербес компьютерлердің архитектурасы – бұл қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді. (яғни ЭЕМ бөліктерінен тұрады).

Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды-модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға (жинақтауға) мүмкіндік береді. Модульдік ұйымдастыру ақпарат алмасудың магистральдық (шиндік) принципіне сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпаратпен алмасу үш көпразрядты (көпдәрежелі) шиналар (мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасы) арқылы жасалады.

Магистраль- бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.

Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде түскен сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді. Мәліметтер шинасының разрядтылығын (дәрежесін) автомагистральдағы қозғалыс жолдарының санымен салыстыруға болады.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Егер мәліметтер шинасын автомагистральмен салыстырсақ, онда адрес шинасын үйлер және көшелердің нөмірлерімен (қатарымен) салыстыруға болады.

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.

ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:

    1. Жүйелік блок;

    2. Монитор

    3. клавиатура

Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей) .

Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.

Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.

Компакт –дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW - алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.

Флеш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады.

Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.

  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?

    2. Процессор дегеніміз не?

    3. Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?

    4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?

    5. Мониторлардың қандай типтері бар?

    6. Принтрелердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?

Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйвер.

Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйвер.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль тілінің шартты көшу операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету.

Дамытушылығы: Паскаль тілінің шартты көшу операторлары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

Каталог: uploads -> doc -> 056e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
056e -> Lesson study (сабақты зерттеу) жүргізудің жоспары
056e -> Сабақ тақырыбы Еуразия материгінің климаты
056e -> Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет