Информатика 8-сынып



бет10/10
Дата21.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#14436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жергілікті желілер

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.

Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:

1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;

- бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

- желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

- Интернетке қосылу мүмкіндігі.

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.

Ауқымды компьютерлік желі

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіларалық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жершарын қамтуы мүмкін.

Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болдаы.

Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.

ТСР/ІР шын мәнінде бір ғана емес екі хаттама болып табылады.

ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап береді.

ІР- осы ақпараттардың желі арқылы берілуі мен адресатқа жетуін басқарады.

ІР адрес келесі түрде жазылады. Мысалы, 198.137.240.100.

Компьютерді Интернетке қосу үшін оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыстыру қажет. Осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис – проавайдерлер деп аталады. Мысалы: Nursat, S&Communications, Parasang, Ducat, Қазақтелеком, Тарлан т.с.с. сервис – провайдерлер бар.


Компьютермен жұмыс
1. Желіде жұмыс істеу 2. Электрондық поштамен жұмыс
Сабақты бекіту сұрақтары
*Жергілікті желінің қызметі қандай?

*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

*Шлюз деп нені атайды?

*Желілік құрылғыға не жатады?

*Желілік адаптердің қызметі қандай?

Үйге тапсырма: Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі.

Сабақтың тақырыбы: Интернет ресурстарына қол жетімділік. Интернет қызметтері, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;

Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бектіу

5.Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру

Интернет ресурстарына қол жетімділік. Интернет қызметтері.

Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады.

Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.

World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды.

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар.



HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған.

HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.

Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.

Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.

World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады.

Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған.

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12 gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады.

Әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктеріде әртүрлі пошталық программалар бар. Олар: Microsoft Exchange, Outlook Express, Microsoft Outlook, Internet Mail, Eudora, Exchange Mail т.б.



Компьютермен жұмыс
1. Желіде жұмыс істеу 2. Электрондық поштамен жұмыс
Сабақты бекіту сұрақтары
*Интернетке қандай анықтама беруге болады?

* Ауқымды желі дегеніміз не?

* Брандмауэрлер дегеніміз не?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады.


Үйге тапсырма: Интернет ресурстарына қол жетімділік. Интернет қызметтері.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды жобаларды әзірлеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту пәнге деген қызығушылығы арттыру.


Сабақтың түрі: Бақылау.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, карточкалар, практикум.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқулықтағы 219-221 бетте берілген өзіндік жұмысты орындау.
Сабақты бекіту .
Үйге тапсырма беру. Жұмыстарды аяқтау (Қайталау)
Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды. Тест

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Паскаль программалау тілінен алған білімдерін тексеру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық абстракциясын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сынақ жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Сынақ тапсырмаларын орындау

3. Сынақ жұмысын талдау

4.Үйге тапсырма

Сынақ жұмысы

I- нұсқа

1. Паскаль программалау тілінің авторы кім?

А) Блез Паскаль Ә) Никлоус Вирт Б) Н.Верджино В) Чарльз Беббидж



2. Нақты Х айнымалысын сипаттаңыз.

А) var x: integer; Ә) var x : real; Б) const x : real; B) varx: real



3. b=3\a,мұндағы а бүтін сан болса, b- ның типі қандай болады?

А) Real Ә) Integer Б) String B) Boolean



4. Жолдың бірнеше таңбасын қиып алу үшін ..... функциясын қолданамыз?

А) Concat Ә) Length Б) Copy B)Delete



5. Var қызметші сөзі не үшін қолданылады?

А) тұрақтыларды сипаттау Ә) Белгілерді сипаттау

Б) айнымалыларды сипаттау В) Программа тақырыбы

6. Тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет

А)Char Ә)Const Б)var B)label



7. INCERT(S1,S2,N) процедурасының қызметі.....

А) S1 жолын S2 жолының N орнынан бастап енгізу

Ә) S2 жолын S1 жолының N орнынан бастап еңгізу

Б) S1 жолын S2 жолынан кейін N қайталап жазу

В) S2 жолын S1 жолынан кейін N қайталап өшіру

8. Операторды шектеп тұратын begin және end түйінді сөздерін қалай атауға болады?

А)операторлық жақшалар Ә)програманың басы мен соңы

Б)шартты жақшалар В)программаның негізгі бөлігі

9. Екіөлшемді бүтін сандардан тұратын A(N,N) жиымын сипаттаңыз

А) DIM A(N,N) Ә) DIM A(N,N) : real ;

Б) A : array(l..N,l..N) of integer; B ) A : array(l..N,l..N) of real;

10. 14 div 5 – функциясының мәні неде?

А ) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11



11. Түбір астындағы Х-ті Паскальтілінде қалай жазуға болады?

А) SQR(x) Ә) SQRT(x) Б) ABS (x) B) MOD (x)



12. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ



13. Sqr оперторының қызметі

А)санының квадраты Ә)санның квадрат түбірі

Б)Х-тің 5 дәрежесі В)санның абсолют шамасы

14. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет

А) VAR Ә) WRITE Б) CONST B) READ



15. Жиым дегеніміз не-.....

А)бір атаумен белгіленіп біріктірілеген біртекті элементтер жиымы.

Ә)бір атаумен біріктірілмеген біртекті элементтер жиымы

Б)әртүрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі В)мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі



16. Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар?

А) 5 Ә) 3 Б) 4 В) 2



17. A=14,B=12.3 болған жағдайда A және B айнымалыларын сипаттаңыз

А) VAR A,B: integer; Б) BEGIN A=14, B=12.3 Ә) VAR A=14;BG=12.3; B) VAR A : integer; B: real;



18. Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?

А) integer; Ә) real; Б)array(l..n)of real; B)array(l..n) of integer;



19. Көмекші программа дегеніміз не?

А)Программаныңадамның түсінуі мен қабылдануына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиыны

Ә)Белгілі бір ат қойылып,жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі

Б)Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы

В)Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі

20. Процедура деп нені айтады?

А) Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы

Ә) Белгілі бір ат қойылып,жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі

Б) Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі

В) Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын программа

21. IF [шарт] THEN [ 1-серия ] ......

А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы Б) Баспаға шығару операторы

В) Операторды енгізу операторы

22. tgх функциясының Паскаль тілінде жазылуы

А) TAN(x); Ә) TG x; Б) Atan(x) B) SIN(x)\Cos(X);

23. Паскальда түбір алу амалын көрсетіңіз.

А) SQR; Ә) SQRT; Б) ASQRT; B) EXP(x);?

24. FOR I=l to n do

А) параметрсіз цикл Ә) параметрлі цикл

Б) Енгізу операторы В) шығару операторы

25. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?

А) read- мәндер клавитурадан енгізіледі

readln – тізімінде меншіктеу операторы жазылу мүмкін

Ә) read – мәндерді бір жолға енгізу

Readln- әр бір мән келесі жолға енгізу

Б) read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі

Readln- массив мәндер енгізіледі

В) read- константа жазылады

Readln- матрица мәндер жазылады

26. Паскальда “;” expected мәлімдемесі қай кезде шығады?

А) “;” артық жазылғанда

Ә) “;” қойылмай кеткенде

Б) “;” алдында бос орын қойылмай кеткенде

В) “;” қоймау керек

27. Файлдың атын өзгертіп сақтау үшін..... командасын орындау керек.

А) FILE-SAVE Ә)FILE-SAVE as..; Б)EDIT-SAVE В)EDIT-SAVE

28. Бар файлды ашу үшін...... командасын шу керек.

А) FILE- NEW Ә) FILE- OPEN Б) EDIT- NEW B) EDIT-OPEN

II нұсқа

1. Паскаль тілі қай жылдарда жасалды?

А) 1965-1968 Ә) 1985-1987 Б) 1968-1971 В)1963-1971

2. c=a+b,мұндағы a,b –ың типі integer с-ның типі....болады.

А)integer Ә)real Б) var B) conct

3 . Паскаль тіліндегі енгізу операторын көрсет

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ

4. WRITE және . WRITELN операторларының айырмашылығы неде?

А) WRITE – нәтижелер бір жолға шығады. WRITELN- келесі жолға түседі.

Ә) WRITE-нәтижелер толық формат арқылы шығады.

нәтижелер зоналық формат арқылы шығады

Б) WRITE –қарапайым нәтижелер шығады.

WRITELN –массив нәтижелері шығады

В) ) WRITE-қарапайым шешім шығады. WRITELN- матрица нәтижелері

шығады

5. CONST қызметші сөзі не үшін қолданылады?



А) тұрақтыларды сипаттау Ә) белгілерді сипаттау Б)тұрақтыларды сипаттау В) программа тақырыбы

6. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет

А) char Ә) const Б) var B) label

7. b=a, мұндағы а бүтін сан болса, b-нің типі... болады.

А) real Ә)integer Б)string В)character

8. IF [ шарт] THEN [1-серия] ELSE [2-серия ] ......

А)Шартсыз көшу операторы Ә)Шартты көшу операторы Б) Баспаға шығару операторы В) Программаның басы-соңы операторы

9. LENGTH S функциясының қызметі

А) S жолдық айнымалысының символдарының санын есептеу Ә) S символдық айнымалысының кері кету

Б) S символдық айнымалысының кері кету В) S символдық айнымалының символдарын кеі кету

10. Келесі баяндаулардың арасында дұрыс варианттын көрсету керек ъ

А) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF ВЕКТОР; Ә) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF REAL;

Б) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] ; B) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] REAL;

11.Паскаль тіліндегі шартсыз көшу операторы...

А)Саse of… Ә) GO TO [метка] Б)ІF [шарт] Then [1-серия]; В) FOR і=1 TO n NEXT.

12.Қосалқы программа дегеніміз не?

А) Программаның адамның түсуі мен қабылдауына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиыны.

Ә)Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттілігімен тәзбектеле орындалуы.

Б) Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.

В) Белгілі әрекеттерді орындау мақсатында алдыг ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.

13.Функция деп нені айтады?

А)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын операторлар тізбегі

Ә)Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.

Б)Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.

В)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура

14.Х санының модулі...

A)SQR(x) Ә) SQR(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)

15.Х санының квадраты...

A)SQR(x) Ә)SQRT(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)

16. Х санының квадрат түбірі....

A)SQR(x) Ә )SQRT(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)

17. Нақты сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?

А) integer Ә) real Б) array(1..n) of real; B) ) array(1..n) of integer

18. Қай өрнекте қате бар?

A) (x1\x2)*y; Ә)sqrt(p)*q\r; Б) b+(a-(c\3)) B) (a-(b\(c(d\)e*f)))))

19. FOR I=l TO N DO ….

А) Параметрсіз цикл Ә) Параметрлі цикл Б) Енгізу операторы B) Шығару операторы

20. Массивті баяндау қай түйінді сөзден басталады?

A) String; Ә) Record; Б) Array; В) While;

21. Паскаль тілінде тұрақтыны қалай анықтаймыз?

А) const n=5; Ә) const n=:5 Б) const n=5 of integer; B) const n=;5

22. Паскаль тілінде «а» айнымалысын енгізу операторы.......

A) Read (a); Ә) Write (a) Б) Input a; В) Print a;

23. Write операторы...

А) Параметрсіз цикл ә) параметрлі цикл б) енгізу операторы в) шығару операторы



24. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?

А)read – мәндер клавиатурадан енгізіледі;

rеadln – тізімінде меншіктеу операторы жазылуы мүмкін;

Ә)read – мәндерді бір жолға енгізу;

readln – әр бір мен келесі жолға енгізу;

Б)read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі;

readln – массив мәндері енгізіледі;

В)read – константа жазылады:

readln – матрица мәндер жазылады;

25. and, or, not қызметші сөздері не үшін қолданылады

А) құрама шартта ә) жай шартта б) таңдау операторында в) көмекші операторында



26. Жиым дегеніміз - ...

А) бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиымы.

ә) бір атаумен біріктірілмеген біртекті элементтер жиымы.

Б) әртүрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі.

В) мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі.

27. Паскальда ";" expected мәлімдемесі қай кезде шығады?



А) ";" артық жазылғанда; ә) ";" қойылмай кеткенде;Б) ";" алдында бос орын қойылмай кеткенде б) ";" қоймау керек
Тест жауаптары


І нұсқа

ІІ нұсқа

1

Ә

16

В

1

Б

16

Ә

2

Ә

17

В

2

А

17

Ә

3

А

18

А

3

В

18

В

4

В

19

Ә

4

А

19

Ә

5

Б

20

Б

5

А

20

Б

6

Ә

21

Ә

6

Б

21

А

7

А

22

В

7

Ә

22

А

8

А

23

Ә

8

Ә

23

В

9

Б

24

Ә

9

А

24

Ә

10

Ә

25

Ә

10

Ә

25

А

11

Ә

26

Ә

11

Ә

26

А

12

Ә

27

Ә

12

Б

27

Ә

13

А

28

Ә

13

А







14

А







14

В







15

А







15

А








Үйге тапсырма: 4 – 6 тарауды қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет