Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі31,31 Kb.
#95588
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
0080421b-86b2-4195-8dcf-09d4e7f6b35b


Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар.
Информатиканы оқыту процесінде іскерлікке қалыптастыру
Оқытуды ұйымдастыру формалары мұғалім мен оқушы арасындағы мәлімет алмасу құрылымының көрінісі. Ол оқыту мазмұны мен оқыту әдістеріне байланысты анықталады. Бұл құрылымның форма құрушы элементі компьютер болып есептеледі. Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда келесі мәселелерге көңіл аударылуы тиіс:
– бірлесе әрекет жасайтын қатысушылар санына байланысты, жаппай (фронтальды) формада;
– топтық (бригадалық) формада;
– жеке және жұптасып жұмыс істеу формасында;
– рольдік ойындар формасында.
Бұл кезде оқу процесінде қатысушыларға қатысты (кім басқарады? Мұғалім, оқушы немесе компьютер) жағдайлары анықталады.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқыту-бақылау, дамыту, тестілеу, ойын программалары арқылы оқушыны компьютер көмегімен “оқыту” мәселелерін қарастырады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі экранда көрініп, оқушы таным әрекетін өзі басқарады.
Ұйымдастыру формасындағы басты мәселе – оқыту мазмұны. Оқыту әдісінің оқыту мазмұнына тәуелді екенін ескерсек, онда оқыту әдісі де өзіне сәйкес оқыту формасын қабылдайды. Мысалы, мұғалімнің компьютерде жұмыс істеу әрекетін демонстрациялауы (оқыту әдісі) жұмыс істеу тәжірибесін үйрету мақсатын көздейді (оқыту мазмұны), ал барлық оқушыны қамтуы (оқыту тиімділігі), оқытуды жаппай (фронтальды) формасына сәйкес келеді.
Рольдік ойындар оқыту әдісі бола отырып, ұйымдастыру формасының күрделі түріне мысал бола алады. Мысалы, ойынға қатысушылар “ЭЕМ – мұғалім” басқаруымен жұмыс істейді (1-топ), қалған оқушылар “Орындаушы” ролін атқарып, оқытудың фронтальды-демонстрациялық формасына сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту формасы оқыту әдісіне сәйкес келумен бірге, оқыту мазмұнына негізделуі тиіс және бір сабақта бірнеше оқыту формасы үйлесім табуы мүмкін.
Оқыту формасының негізгі түрі сабақ басқа формаларды қамти отырып информатиканы оқытуда да маңызды орнын сақтайды. Компьютерлік сыныптарда сабақ уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосарланған сабақтар жүргізіледі. Бұл әр түрлі формаларды үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылардың саны, басқару субъектілері, ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндіктері алдын-ала ескеріледі.
Сабақтан тыс жұмыстармен іскерлікке баулу. Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.
Сабақтан тыс білім беру, яғни сыныптан тыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағанан білімділікті қажет етеді.
Информатика сабағынан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес.Компьютерді қолданып басқа пәндерден сабақтан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сабақтан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс – әрекеттері мен іс – шараларын » ұйымдастыру.
Сабақтан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу –тәрбиелік іс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет