Информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар


Танымжорықтар (саяхаттар,экскурсиялар



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі31,31 Kb.
#95588
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
0080421b-86b2-4195-8dcf-09d4e7f6b35b

Танымжорықтар (саяхаттар,экскурсиялар).Оқыту – тәрбиелеу жұмысындағы табиғи жағдайдағы, музейлер, көрмелер,есептеу орталықтарындағы әртүрлі заттар мен құбылыстарды зерттеу мен бақылауға мүмкіндік беретін әдіс пен форма.
Дидактикалық материалдарды пайдаланып іскерлікке қалыптастыру.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз – өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амоношвили «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын наықтап алып, содан соң срдан бастау керек.» – дейді. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту меммлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып кез-келген пән мұғалімі электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғауы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.
Информатика мұғалімдерінің педагргикалық жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтежелі әрі құнды дидактикалық материалдарды ұйымдастыруна мүмкіндіктер туғыздырады.
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.
Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық түсінікті, ой – тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет