Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
|
11.5.2.6 - «Ақылды үй» құрылғысын басқару үшін программа әзірлеу
|
|
Сабақтың мақсаты
|
«Ақылды үй» құрылғысын басқару үшін программа әзірлеу.
|
Бағалау критерийлері
|
«Ақылды үйдің» датчиктерін санамалап айтып береді;
«Ақылды үй» датчиктерінен деректерді беруді ұйымдастырады;
«Ақылды үй» құрылғысын басқаруға арналған программаны әзірлейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: «Ақылды үйдің» жұмысын түсіндіре алады.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
«Ақылды үй» мынадай жүйелерден тұрады…
«Ақылды үй» қызметінің өзектілігі мынада …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
|
Құндылықтарға баулу
|
Үлкен мен кішіні құрметтеу, достық қарым-қатынас топтық жұмыс және ұжымдық талқылау арқылы жүзеге асырылады; қызметтің бұл түрінің барлығы шығармашылықпен және сыни тұрғыдан ойлай алатын жеке тұлғаның бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға бағытталған.
|
|