СтивенПол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs) (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) — американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болған. Ол Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алып Disneyдің директорлар кеңесіне мүше болды. Ол 1995 жылы жарық көрген «Ойыншықтар оқиғасы» мульфильмнің атқараушы продюсері.
Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) — АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі.
Билл Гейтс — Forbes журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді.