Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде



бет7/12
Дата06.02.2022
өлшемі242,13 Kb.
#81185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СӨЖ 1 информатика
СР 1 жазушы Бауыржан Мо

1970-ші жылдардың екінші жартысында А.П. Ершовтың ықпалымен орыс әдебиетінде «информатика» терминінің өзге түсіндірмесі кең қолданысқа ене бастады. Ол бұл терминнің мағынасын: «... ақпаратты тасымалдау және өңдеу үрдістерін зерттейтін іргелі жаратылыстану (табиғи) ғылымы ретінде енеді. Бұлай анықталуына информатика философиялық және жалпы ғылыми категориялармен тікелей байланысты болады, оның «дәстүрлі» академиялық ғылыми пәндер арасындағы орны анықталады» деп тұжырымдаған болатын. Информатиканың осы анықтамасын түсіндіре келе, А.П. Ершовтағы да: «ғылымдардың салыстырмалы түрде жаратылыстану (табиғи) және қоғамдық болып бөлінуін түсіне келе, біз сонда да, түсінудің туынды принциптеріне және оның атрибуттарына, жасанды, биологиялық және қоғамдық жүйелерде ақпаратты өңдеу заңдылықтарының бірлігі (жалғыздығы) туралы көріністерге сәйкес, информатиканы жаратылыстану ғылымдары пәніне жатқызамыз. Информатиканы іргелі ғылымдар қатарына жатқызғандықтан, ақпарат түсінігі оны өңдеу үрдістері жалпы ғылыми мағынаға ие болады» – деп атап өтті. Қоршаған ортаның (әлемнің) оқып-танылған үзіндісіне (бөлегіне) ақпараттық модель құрылғанда, информатика жеке ғылым ретінде өз құқығына ие болады


Андрей Петрович Ершов (1931—1988) — Кеңес Одағының ғалымы, теориялық және жүйелік программалаудың негізін қалаушылардың бірі, Сібір информатика мектебін құрушы, КСРО ҒА академигі. Оның еңбектері тек КСРО-да ғана емес, бүкіл әлемде есептеуіш техниканың қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет