Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
«Сағыз орта мектебі» КММ
«Информатика және АКТ» пәнінен
дарынды оқушылармен жүргізілетін
жұмыс жоспары
2019-2020 оқу жылы
Бекітемін: _______________
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Қалиева
«Информатика және АКТ» пәнінен дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмыс жоспары
Жұмыстың мақсаты:
мектеп және қосымша білімнің оптимальды құрылымы арқылы дарынды оқушылардың дамуына қолайлы жағдайларды жасау.
дарынды балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру;
информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Талаптары:
дарынды балаларды іріктеу және оларды арнайы қолдау жүйесін жетілдіру, дарынды балаларға психологиялық көмек көрсетуге психологиялық кеңес беру қызметін қалыптастыру;
білім берудің әртүрлі жүйесінің ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылықтың дамуына әсер ететіндерін іріктеу;
дарынды балалардың денсаулықтарын жақсартуға жағдайлар жасау;
қабілетті және дарынды балалардың аудандық, облыстық олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық көрмелерге, әртүрлі конкурстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
Негізігі принцип: баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Күтіліп отырған нәтижелер:
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын сақтауға және өсіруге жағдай жасалады;
оқушылардың білім алу және тәрбие деңгейі жоғарылайды;
оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Негізгі іс-шаралар:
дарынды балаларға жеке бағдарламаларды дайындау және енгізу;
мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, конференцияларды, көрмелерді, интеллектуалдлық жарыстарды ұйымдастыру;
мектепте оқушылардың зерттеу және шығармашылық істеріне, дарынды балалармен жұмыс істеуді дамытатын жабдықтар мен материалдарды енгізу;
дарынды балаларға зерттеу және шығармашылық істеріне қажет ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетті кеңейту;
оқушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілерді тағайындау және қолдау;
дарынды балалармен жұмыс істеудегі проблемаларға қатысты ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды жүргізу.
Информатика пәні мұғалімі Бисембиева Ақынта Сабырқызының
2019-2020 оқу жылына арналған
дарынды оқушылармен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары
Кезеңдері
|
№
|
Атқарылатын жұмыстар
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
Диагностикалық кезең
|
1
|
Зерттеу:
Сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру
Психолог тарапынан тест, тренинг ұйымдастыру
Ата-анамен жұмыс
|
оқу жылының басы
|
А.Бисембиева
Психолог
Психолог және ата-ана
|
2
|
Нәтижемен жұмыс:
Дарындылықтың түрін анықтай білу
Балаларды дарындылық түріне орай жіктеу немесе топтастыру
|
қыркүйек, қазан
|
А.Бисембиева
|
Коррекциялық кезеңдер
|
3
|
Дамыту жұмыстары:
Бала біліміндегі кемшілік тұстарды анықтап, толықтыру
Қызығушылығы мен кемшіліктерін анықтау
Бейімділіктері бойынша жұмыс
|
қазан, қараша
|
А.Бисембиева
|
4
|
Жұмыстың жүргізілу барысы:
Тапсырма күнделігін толтыру
Оқушы жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету
Коррекциялық жұмыс
|
жыл бойы
|
А.Бисембиева
|
5
|
Оқушыларды:
Мектепішілік байқауға қатыстыру
Аудандық, облыстық байқауға қатыстыру
|
желтоқсан-наурыз
|
А.Бисембиева
Мектеп әкімшілігі
|
Бақылау, қорытындылау
|
6
|
Нәтижесін шығару:
|
сәуір, мамыр
|
А.Бисембиева
Мектеп әкімшілігі
|
7
|
Мектепішілік жалпы қорытынды:
Диагностикалау
Оқушылардың шығармашылық есебі
Жазғы каникул кезіне тапсырма беру
|
мамыр
|
А.Бисембиева
|
Достарыңызбен бөлісу: |