«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы



бет1/2
Дата04.06.2020
өлшемі190 Kb.
#72295
  1   2
Байланысты:
Оқу практикасы тапсырмалар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті


Физика-математика факультеті

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы

ОҚУ ПРАКТИКАСЫНА ТАПСЫРМАЛАР



Тәжiрибе – жоғары кәсіби білімнің қосалқы бөлігі. Оның көмегімен мамандық бойынша алынған теориялық білім, әрі қарай дамиды, тереңдейді. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес оқу жоспары бойынша студенттер сараманның келесі түрлерінен өтеді:  

Оқу-есептеу сараманының мақсаты мен міндеті

Студенттердің оқу практикасы төменгі курстарда өткізіледі және информатика курсы бойынша өмірлік жағдайларға жақын тапсырмаларды практикалық жолмен шешу арқылы білімін бекітуге бағытталады.

- алған теориялық бiлiмдердi бекiту;

- студенттерді өзінің болашақ мамандығының ерекшеліктерімен таныстыру;

- негiздi және арнайы программалық қамтамасыз етумен танысу;

- ақпараттық басқаруды құрылымда қызметпен танысу.

Оқу практикасы төмендегілерді қарастырады:


  • алгоритмдерді өңдеу технологиясы мен тапсырмаларды ЭЕМ-де өткізу процесімен танысу;

  • қазіргі программалау(Pascal,С++,Delphi) технологияларын игеру;

  • бағдарлама жасау, тестілеу, тексеру, талдау әдістерімен танысу;

  • ғылыми бағдарламаның кітапханаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу-есептеу практикасын өткізудің және ұйымдастырудың негізгі мақсаты студенттердің жалпы арнайы және жалпы инженерлік пәндерді игеруден кейінгі теориялық білімін кеңейту және бекіту:

  • Информатика;

  • Алгоритмдеу және программалау тілі;

  • Программалау технологиясы.

Оқу есептеу-практикасы бойынша тапсырманы орындау кезінде бағдарламалау тілін (Pascal,С++) өздері таңдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет