Тақырып:
Мектеп информатика кабинетіне қойылатын
талаптарды қарастыру
Информатика кабинетiне қойылатын талаптар
ЕТ кабинетi алғаш қолданушыларға, соның iшiнде, жасөспiрiмдерге техника қауiпсiздiгiндегi жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерiне байланысты арнайы дайындықты және нұсқауды өткiзудi қажет етпейтiн қауiпсiздiк жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. ЕТ кабинетiнде бейнетерминалдың үш тобымен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi:
А – түрлi-түстi, тек демонстрациялық мақсатта;
Б – оқу процесiнде жеке қолданушыларға арналған түрлi-түстi мониторлар;
В – ЕТ кабинетi үшiн монохромды.
Қолданушылардың кең ауқымды екенiн, соның iшiнде балалардың да жұмыс жасайтынын ескере отырып, ЕТ кабинетiнiң барлық құралдарының қауiпсiздiк деңгейi тұрмыстық радиоэлектронды құралдарға арналған – ГОСТ 12.2006-83 тен кем болмауы тиiс.
ЕТ кабинетiнде мына құжаттарға сәйкес талаптар қатаң сақталынуы керек:
ГОСТ 28139-89 - мектеп жабдықтары. Техника қауiпсiздiгi);
ГОСТ 50377-92, ГОСТ 12.2.007-75 - жалпы механикалық және электрлiк қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету;
ГОСТ 25861-83 - электр тогынан зақымданудан сақтану.
ЕТ кабинетiнiң барлық элементтерiнiң конструкциясы қолданушының жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерi құрылғының кернеулерi 36В-тан жоғары бөлiктерi мен бөлшектерiне тиiспеу мүмкiндiктерiн қарастырады.
ЕТ кабинетiнiң электр желiсiмен қамтамасыз ету жүйесi төмендегiдей:
Кедергiсi 1 МОм-нан кем емес Жерсiздендiру потенциалымен гальванициялық байланысын қамтамасыз ету керек;
10 мА-дан жоғары жерсiздендiру болмаған жағдайда жұмыс iстеу орындарын ток көзiнен ажырататын қорғаныс құрылғысы болуы қажет.
Ток кернеуi күшейiп кеткен кезде және қысқа шағылыстар, сонымен бiрге қауiптi жағдайда қолмен өшiру кездерiнде өздiгiнен өшетiн қорғаныс құрылғысы болу керек.
Кернеулерi белгiсiз желiлердiң бiрi-бiрiмен қате жалғану және ажыратылу мүмкiндiктерi болмау қажет, электр тогымен қамтамасыз ету желiлерi жеткiлiктi түрде механикалық жақсы жабдықталуы керек. Өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптары оқыту және тұрмыстық электр құрылғыларының мөлшерiне сәйкестендiрiлуi тиiс.
Күйген жағдайда улы газдар мен түтiн шықпауы керек. Электр тогымен қамтамасыз етiлгеннен кейiн барлық өрт сөндiру құралдары қолдануға дайын болуы тиiс.
ЕТ кабинетiндегi барлық элементтердiң денсаулыққа зиянды әсер ететiн факторлары балаларға қатысты сәйкес мөлшерден аспауы керек, ал құрылғылармен үнемi жұмыс iстейтiн ересек операторлар үшiн (ГОСТ 12.2.003-74, 12.3002-75, 12.1006-84, 12.1.001-83, 12.1.045-85), сонымен бiрге ГОСТ 21552-84, ГОСТ 27016-86, ГОСТ 27201-87, Санитарлық ережелер мен мөлшерлер тобында көрсетiлген сәйкес мөлшерден аспауы керек.
Кабинеттегi ауаның температурасы – 19-21, ал ағынды ауадағы температура – 18-22. Сәкесiнше, ауа ылғалдылығы 62-55 және 39-31. Ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,1 м/с.
Экран бетiнен 5см қашықтықтағы нүктеге рентген сәулесi мөлшерiнiң экспозициялық қуаты 7,74*10 а/кч (0,0003мкр/с немес 10,8 мкр/сағ) мөлшерiнен аспау керек. 200-315мм диапазонында ультракүлгiн сәулесiнiң мөлшерi 10 ВТ/м -тан аспау қажет, дыбыс деңгейi 50 децибелден аспауға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |