Ақпараттық технологиялар нарығындағы делдалдық ұйымдардың рөлі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#185579
  1   2   3
Байланысты:
Без названия



С. Купешова, М. Түменбаева
ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №3 (91). 2012
133 
С. Молдажанов 
Ақпараттық технологиялар нарығындағы делдалдық ұйымдардың рөлі 
Ақпараттық технологиялардың қазақстандық нарығының дамуы соңғы он жылдық iшiнде, көп жағдайда, ортақ экономи-
калық жағдаятпен байланысты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде нарық жаңа басталды, сондықтан өсу қарқыны 
табиғи болып саналады. ІТ өсу қарқыны соңғы жылдарда бәсеңдеді. Нарық кемелдену кезеңіне өткендіктен, бұл бәсекелестіктің 
күшеюіне әкелді.
S. Moldazhanov
The role of intermediary organizations in the information technology market 
Development of the Kazakhstan market of information technology within last decade, in many respects, is caused by the general 
economic conjuncture. During the period the beginning of independence of Kazakhstan the market grew actually from zero, therefore high 
rates of increase were natural. Last years rates of increase of the IT market decrease. The market has entered “a maturity” stage that has 
inevitably led to competition strengthening.
 
 
 
Инновациялық жоба тәуекелдерінің ерекшеліктері және оларды басқару әдістері 
 
С. Купешова, М. Түменбаева 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
Түйін.
Мақалада инновациялық жобаларда туындайтын тәуекелдерді анықтау және оларды басқару мәсе-
лелері қарастырылған. Инновациялық қызметте тәуекелді басқару дегеніміз –
инновацияның белгі-
сіздігін азайтудың, жаңа енгізулердің іске асырылуының пайдасын арттырудың, инновациялық мақ-
саттарға жету бағасын азайтудың шаралар жиынтығы. Дәстүрлі кәсіпкерлік тәуекелімен салыстырғанда 
инновациялық кәсіпкерліктің тәуекелі өзгеше және жоғары болады. Сондықтан да инновациялық қызмет 
атқару барысында тәуекелді басқаруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Инновациялық қызмет тәуекелмен өте тығыз
байланысты қызмет түрі. Нарықтық экономика 
жағдайында өмір сүру үшін кәсіпкер батыл әрі
жаңа істер атқаруы тиіс. Ал, бұл өз кезінде тәуе-
келді одан әрі арттырады. Сондықтан нарықта жақ-
сы нәтижеге жету үшін, тәуекелдің деңгейін ба-
ғалап, басқара білу қажет. Жапондық менеджер-
лердің пікірінше «дәлдік – патшалардың сыпайы-
лығы, ал жуықтылық одан арзанырақ түседі». 
Ұйымдардағы тәуекелділік сол ұйым қызметі 
үдерісінің анық еместігінен пайда болады. Тәуе-
келдік жағдай инновациялық қызмет өндіріс үде-
рісін түбегейлі өзгертеді және ұйым қызметінің 
нәтижелері мен серпінінде анықсыздықты өсіреді.
Экономикадағы шешім қабылдау үдерісі бас-
қарудың кез келген деңгейінде анықсыздық жағ-
дайында орын алады. Оның негізгі себептері не-
гізгі үш факторға тәуелді: білімсіздік, кездейсоқ-
тық және қарама-қайшылықтар. Ал эаманауи эко-
номика теориясында анықсыздық «индикаторы» 
ретінде «тәуекел» категориясы ұсынылады.
Тәуекел дегеніміздің өзі – бұл шешім қабыл-
дау сәтіндегі анықсыздықты жеңумен байланыс-
ты қызмет. Шешім қабылдау үдерісінде көздеген 
нәтижеге жету ықтималдық сандық және сапалық 
жағынан зерделенеді. Алдын ала мақсат ойдағы-
дай орындалмаса, одан ауытқу да осы шешім 
қабылдау үдерісінде ескеріледі. 
Бір кәсіпорын деңгейінде болсын немесе мем-
лекет деңгейінде болсын инновациялық жобаны 
жүзеге асыру кезінде тәуекелді есепке алу 
бірініші қажеттілік болып табылады.
Тәуекелді басқару мақсаты тәуекел жағдайын 
100% жою емес, тәуекел жағдайын, күтпеген кез-
дейсоқ пайда болатын шығындар деңгейін төмен-
дету болып табылады.
Ол 
үшін 
алдымен 
инновациялық 
жоба 
тәуекелін жіктеп алуымыз керек. Қазіргі күні бұл 
мәселені зерттеуші ғалымдар арасында иннова-
циялық жоба тәуекелін оңтайлы жіктеу жүйесі 
ғана емес, тіпті бұл жіктеме дербес жүйе ретінде 
әзірлену керек пе, немесе оған негіз ретінде 
инновациялық жоба ерекшелігіне байланыссыз 
жасалған тәуекелдің жалпы, әмбебап жіктемесі 
алынады ма осы мәселелерге қатысты ортақ 
көзқарас жоқ [1]. 
Оқулықтарда тәуекелдерді жіктеудің көптеген 
жолдары бар. Зор қызығушылық туғызатын сапа-
лық және сандық бағалау әдістерімен өлшеуге 
болатын кәсіпорынның шаруашылық қызметімен 


Инновациялық жоба тәуекелдерінің ерекшеліктері және оларды басқару әдістері 
134 
ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (91). 2012
байланысты тәуекелдер ерекше маңызға ие. Осы 
қағида бойынша тәуекелдерді негізгі 2 топқа 
бөледі: 
1.
Таза тәуекелдер. Басқару шешімдерін қа-
былдауға бірнеше факторлар әсер етеді. Олардың 
әсерін өзгерту мүмкін емес. Бұл факторларға 
салық заңнамасы, табиғи-географиялық жағдай, 
қоғамдық сана, әлеуметтік құндылықтар және т.б 
жатады. Осы факторлар таза тәуекелді тудырушы 
болып табылады. 
2.
Спекулятивті
тәуекелдер.
Спекулятивті тәуе-
келдер толығымен басқарушылық шешімдермен 
анықталады. Спекулятивті тәуекелдер көбіне 
анықталмаған көрініс береді, олар аналитикалық 
бағалау негізінде уақыт өткен сайын өзгеріп 
отырады. Бұл тәуекел түріне кәсіпорын өзгертуге 
шамасы бар, алдын ала шара қолдануға мүмкін 
жағдайларды жатқызуға болады. Мысалы, қаржы, 
еңбек, шикізат ресурстары тапшылығын шешу 
[2].
Жалпы алғанда инновациялық қызметтегі 
тәуекел келесідей тәуекел түрлерін қамтиды: 
1.
Инновациялық жобаны қате таңдау тәуе-
келі. Мұндай тәуекел туындауының басты себеп-
терінің бірі ұйымның экономикалық және нарық-
тық стратегиялық басымдықтарына, сонымен қа-
тар ұйым мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін 
түрлі инновация түрлері сәйкес басымдықтарына 
негізсіз анықтама беру.
2.
Инновациялық жоба қажетті қаржы көле-
мімен қамтамасыз етілмеген жағдайда туындай-
тын тәуекел келесілерді қамтиды: 
- инновациялық жобаны әзірлеуге қажетті 
қаражаттарды ала алмау тәуекелі (ұйым иннова-
циялық жобаның тиімділігіне сендіре алмаған 
жағдайда инвесторларды тарта алмауы); 
- жобаның өзін-өзі қаржыландыруды қолдану 
тәуекелі; 
- қаржыландырудың сыртқы көздерін қолда-
нудан туындайтын тәуекел (жоба бюджеті ликви-
дация, банкрот, кредитор мүлкіне тыйым салу, 
кредиторлардың төлем қабілеттігінің нашарлауы 
нәтижесінде несие желісінің жабылуы немесе 
тоқтатылуы); 
- жобаны қаржыландырудың аралас әдісін, 
яғни ұйым біруақытта бірнеше көздер пайдала-
нудан пайда болған тәуекел (жоба жүзеге асыру 
кезеңінде кейбір қаржыландыру көздерін үйлес-
тіру кезінде қиындықтарына байланысты қаражат 
жетіспеуі мүмкін). 
3.
Инновациялық жобаны жүзеге асыруға және 
инновациялық жоба нәтижесін өткізуге қажетті 
ағымдағы ресурстармен жабдықтаудың марке-
тингтік тәуекелі. Маркетингтік тәуекелдер ең 
алдымен инновациялық жобаның техникалық 
ерекшеліктерімен шарттастырылады. Əзірленген 
инновациялық жобаны өткізудің маркетингтік 
тәуекелі келесідей түрлерден тұрады: 
- нарықты жеткіліксіз сегменттеу тәуекелі, 
көбіне жоғары сапалы және құны жоғары жаңа 
тауар мен қызмет көрсетулер әзірлеу және ендіру 
кезінде пайда болады, нәтижесінде күтілген сатып 
алушылар сатып ала алмайды, бұл өз кезегінде 
жаңа өнімдердің өткізу көлеміне әсер етеді; 
- нарықтың мақсатты сегментін қате таңдау 
тәуекелі, таңдалған сегментте жаңашылдыққа 
деген сұраныс тұрақсыз немесе аталған нарық 
сегментінде жаңашылдыққа деген қажеттілік жет-
кіліксіз қалыптасқан, егер таңдалған нарық сег-
ментінде жаңашылдыққа деген қажеттілік қате 
бағаланған немесе жаңашылдыққа қажеттілік 
шектелген және т.б; 
- жаңашылдықтарды сату стратегиясын қате 
таңдау тәуекелі өткізу жүйесінің және жаңашыл-
дықты тұтынушыға жеткізу жүйесінің сәтсіз 
ұйымдастырылуы нәтижесінде туындайды; 
- жаңа тауар және қызмет көрсету немесе 
жетілдірілген тауарларды тиімсіз жарнамалау 
тәуекелі. 
4. Шаруашылық келісім-шарттарды орында-
мау тәуекелі келесідей: 
- келіссөздер жүргізгеннен кейін серіктестің 
келісім-шарт жасаудан бас тартуы тәуекелі (келі-
сім-шарттың алғашқы шарттарын өзгерту қажет-
тігі туындаған жағдайда және серіктестің алаяқ-
тығы жағдайында); 
- ұйымның неғұрлым тиімді, немесе берілген 
саладағы ұйымға дағдылы шарттардан ерекше-
ленетін келісім-шартқа отыру тәуекелі. 
5.
Күтілмеген шығындар пайда болуы мен 
табыстардың төмендеуі тәуекелі. 
6.
Бәсекелестіктің күшеюі тәуекелі. Себептері 
келесідей болуы мүмкін: 
- бәсекелестер тарапынан жасалған, ұйым қыз-
меткерлері 
кателігінен, 
немесе 
өнеркәсіптік 
шпионаж нәтижесінде құпия ақпараттардың тара-
тылуы; 
- маркетингтік саясаттың жетілмегендігі, яғни 
өткізу нарығының дұрыс таңдалмауы және бәсе-
келестер жайында толық емес ақпарат немесе бә-
секелестер туралы анық ақпараттың болмауы; 
- бәсекелестермен салыстырғанда ғылыми 
зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа технологиялар 
енгізу, жаңа жоғары сапалы және бәсекеге қабі-
летті тауарлар өндірісін меңгеруге қажетті қара-
жаттардың болмауынан жаңалық енгізу үдерісінің 
баялауы; 
7.
Қажетті деңгейдегі кадрлық қамтамасыз 
етудің болмауымен байланысты тәуекелдер. 
8.
Инновациялық жобаға меншік құқығын 
қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдер түрлі 
себептерге байланысты туындайды:


С. Купешова, М. Түменбаева
ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №3 (91). 2012
135 
- өнертабыс, технологияларды толық патент-
тік қорғау жүйесінің болмауы нәтижесінде техни-
калық, дизайнерлік және маркетингтік шешім-
дерді патенттеу шарттарының орындалмауынан 
пайда болатын тәуекелдер; 
- патентке қарсылық білдіру тәуекелі; 
-
патенттелген
инновацияларды
бәсекелес
ұйым-
дардың заңды және заңсыз көшіру тәуекелі [3]. 
Инновациялық үдерісте тәуекелдерді басқару 
басқа бизнес үдерістерін басқарудан ерекше-
лінеді. Бизнес үдерістердегі тәуекелдерді басқару 
тәуекелден құтылу, не болмаса тәуекелдерді ми-
нимизациялауға тырысса, ал инновациялық үде-
рісте тәуекелдерді басқару мақсаты оларды қа-
былдаумен негізделген. Осыған байланысты қа-
зіргі кезде инновациялық тәуекелдерді басқару-
дың бірнеше әдістері әзірленген, олардың жікте-
месі 1-кестеде көрсетілген [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет