мәтіндік редакторларды, оның мәнін, типін, редакторлаудың негізгі қызметтерін және оларды жүзеге асыру;
графиктік редакторлар мен оның негізгі мүмкіндіктерін;
гипермәтіндік, мультимедиялық программаларды ұйымдастыру принциптерін;
элкетрондық редакторларды және олардың негізгі мүмкіндіктерін;
деректер қорын және олардың негізгі мүмкіндіктерін.
Үйренуі тиіс:
компьютердің негізгі құрылғыларын іске қосуды және оның жұмыстарын басқаруды;
дискілерді форматтауды;
файлдарды архивтеу және оны архивтен шығаруды;
вирустан қорғау программаларын қолдануды;
бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аударуды, екілік санау жүйесіндегі арифметикалық амалдарды орындауды;
мәтіндік редакторларды шақыруды, жаңа мәтіндік файлдар құруды, ішкі жадыға мәтіндерді сақтауды, мәтіндік файлдарды ішкі жадыдан жүктеп, оларды түрлендіруді;
графиктік редакторларды шақыруды, суреттерді осы редактордың түрлі құралдарын қолдана отырып салуды, оларды ішкі жадыға сақтауды, ішкі жадыдан суреттерді оқуды және оларды түрлендіруді;
дыбыстық файлдарды жазуды, оқуды және оларды модификациялауды;
электрондық кестелерді және деректер қорын ақпараттарды іздеу, өңдеу және сақтау әрекеттерін орындауда қолдануды.