І. Ұйымдастыру кезеңі. «Қарлы кесек» әдісі бойынша оқушылар 3 (4,5) топқа бөлініп, жетон алу арқылы өздерінің нөмірлерін анықтайды. Топ басшыларын сайлайды. Топ басшыларына «Оқушылардың үлгерім айнасы» бағалау парағы беріледі.
ІІ. «Қарлы кесек» ойынының барысы:
1.Әр сұраққа бір жауап.
1-топ. 1. WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Тақырып жолынан кейін қандай жол орналасады? (меню жолы)
3. Өшіп-жанып тұратын тік сызықша. (меңзер)
4. Ақпаратты сақтау, тасымалдау үшін не қолданамыз? (дискет, дискжетек)
2-топ. 1. Абзац соңына немесе мәтінде бос жол жасау үшін қандай перне басады? (ENTER)
2. Мәтінді ең бірінші рет сақтағанда қандай амалдар орындаймыз? (Файл - ... деп Сақтау)
3. Дискідегі сақталған құжатты ашу үшін қандай команда орындаймыз? (Файл – Ашу)
4. Ақпаратты енгізу үшін қандай құрылғы қолданылады? (Пернетақта)
3-топ. 1. «Копировать в буфер» қазақша қалай түсінесің? (буферге көшіру)
2. Тақырып жолының оң жақ жоғары бұрышында орналасқан батырма қандай қызмет атқарады? (х, жабу)
3. Белгілеу дегеніміз не? (мәтінді қайтару)
4. Терезені жабу үшін қандай батырма басамыз? (х, Файл – Шығу)
Достарыңызбен бөлісу: |