3.2 Модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін қолдану Республикамыз өзіндік бет-бейнесі, мақсаты, даму жолы бар мемлекет дәрежесіне жетіп әлемге танымал болып келе жатыр. Ендігі Президентіміздің алға қойған мақсаты – дамыған 50 елдің қатарына қосылу. Ол үшін бүгінгі заман талабына сай кәсіпқой білікті маман даярлау қажет. Ал өз ісіне жетік маман болып шығу үшін оның алғашқы баспалдағы, тірек діңгегі мектепте жоғары сынып оқушыларына оқушылардың өздері таңдаған мамандығынан кәсіптік бағдар беру қажет. Жоғары сапаға жетіп білікті маман даярлау үшін оқытудың жаңа технологиясымен жұмыс жүргізу керек. Модульдік оқыту технологиясының ойын элементтерін және деңгейлеп оқыту әдісін тәжірибемізге енгізе отырып сабақ беруді жүзеге асыру керек. Осындай әдіс-тәсілдерге негізделген сабақтың бірі төменде ұсынылады.