Информатика мен информатика пєні туралы


Модульдік оқытудың құрылымы



бет39/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

3.1 Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала бағалау;

  4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

  5. Нәтижені бағалау.

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып , құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқ модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Әрбір оқу модуліне сағат саны әртүлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды. Біздің ойымызша бұл технология:


- оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
- танымдық поцестерін дамытуға;
- оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
- белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
- тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.

Ұсынылып отырған технологиянытүрлі үлгілердегі мектептерде қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламадық материалды  «жақсы» және  «өте жақсыға» меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті.

Бұл технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиадада жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар саны арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе тарихты,географияны, биологияны, химияны, азаматтану, дүниетану курсын орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілдің және басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет