Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


https://uba.edu.kz/qaz/metodology/4



бет21/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. https://uba.edu.kz/qaz/metodology/4




8-дәріс: «Компьютерлік сауаттылық» және «информатика» бойынша оқулықтар мен кешенді талдау.


Мақсаты: «компьютерлік сауаттылық» және «информатика» бойынша оқулықтармен жұмыс.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1. «Компьютерлік сауаттылық» және «информатика» пәнінің оқыту мақсаттары мен міндеттері.


2. Информатика пәнінен оқулық баспалары.
3. Оқулықтардағы «Спиральділік» жүйе.


1. «Компьютерлік сауаттылық» және «информатика» пәнінің оқыту мақсаттары мен міндеттері
«Информатика» оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;
2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;
3) білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
4) талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;
5) білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;
6) білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;
7) білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі информатика ғылымымен байланысты. Себебі бастауыш сынып оқушылары информатика ғылымының ұғымдарымен таныстырылады, мысалы: ғаламтор, желі, жүйе, компьютерлік құрылғылар, программалық қамтамасыз ету, модельдеу. Яғни бұл пән компьютерлік ұғымдарды қалай меңгерту жолын қарастырады, түсіндірудің әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертудің ғылыми ұстанымдары мен зағдылықтары:

  1. Ғылымилық. Цифрлық сауаттылық пәні информатикалық ғылыми ұғымдарды қалай меңгерту жолын түсіндіруді мақсат еткендіктен, ғылымилық ұстанымы үлкен маңызға ие. Берілетін ақпараттар ғылыми тілде ұсынылып, барынша жатық тілмен түсіндірілуі тиіс.

  2. Жүйелілік. Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұны белгілі бір жүйемен, реттілікпен жерілуі қажет. Ол компьютер дгеніміз не, ол қандай құрылғылардан тұратынын түсіндіруден бастауы алып, компьютермен жасалатын жұмыстарды үйретумен аяқталады. Демек, білім белгілі бір жүйенің сақталуы арқылы меңгертіледі.

  3. Қолжетімділік. Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұнында тек компьютермен жасалатын қарапайым тапсырмалар ғана емес, сонымен бірге ғаламтор желісін пайдалану, ақпарат алып, өңдеу жолдары да қарастырылады. Демек, оқу пәнін толық игерту үшін білім орындары толық материалдық-техникалық базамен жабдықталған, оқушылар үшін қолжетімді болуы қажет.

  4. Көрнекілік. Оқу пәні алғашында оқушылар үшін қиын болып қабылдануы мүмкін. Бұл берілетін білімнің нәтижелі меңгертілуіне кедергі келтіреді. Аталған қиындықты болдырмаудың бірден-бір жолы оқу материалын көрнекті түрде ұсыну. Жаңа ұғымдарды көрнекілік ұстанымымен таныстыру, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін көрнекі түрде жеткізу, осы арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдете түсу.

Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертуде өзге де ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар: шамаға лайықтылық, саналылық, өмірмен байланыстылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет