Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет20/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Оқу бағдарламалар «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер менбөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.

Спиральді білім беру бағдарламасы «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының жүйесінен анық көрінеді. Мысалы, «Компьютерлік жүйелер» бөлімінің «Программалық қамтамасыз ету» бөлімшесі бойынша оқушылардың спиральді білім беру бағдарламасы арқылы алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы күрделеніп отырады:


5-сынып

5.1.2.1 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру

6-сынып

Операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту

7-сынып

«Бағдарламалау жүйесі» және «бағдарламалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу
Әртүрлі форматтағы мұрағаттарды құру және бумадан шешу
Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды қолдану

8-сынып

Жүйелік, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалау жүйесін ажырату

9-сынып

Қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау

10-сынып

Қолданбалы программалық қамтамасыз етуді түрлері бойынша жіктеу
Түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау

11-сынып

11.1.2.1 Операциялық жүйенің утилиттерін қолдану

Сыныптан сыныпқа өткен кезде алға жылжу арқылы оқушылар оларға дүниетанымдар аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны тұрғысынан мойындап және бағалап, олар сүйенуі мүмкін дереккөздер аясын кеңңейтуге көмектесетін, көбірек тәжірибе мен терең білімдер алады. Жасы мен тәжірибесі де оқу үдерісінде дербес шешімдер қабылдауға жағдай жасайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет