Windows жүйесінің негізгі түсініктері
Терезе — Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезе” екені осыны білдіреді.
Терезе – экранның төртұүрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақыт та дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |