Windows жүйесімен жұмысты аяқтау
МS (РС) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді өшіру ісі оп-оңай орындалады, оның ток келетін қосқышын ажыратса болғаны. Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса да, бұлай өшіру ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.
Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:
– жұмыс істеп тұрған программаларды жабу (аяқтау);
— Windows-ден шығу.
Тек осыдан кейін компьютер ешіріледі. Неге бұлай?
Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдар (заты .ТМР болып келетін файлдар) жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен өшіріледі. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.
Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:
Windows 3.х жүйесінде
Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына
алып барып, оны екі рет сырт еткізу керек немесе бір сырт өткізу арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның опцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен “Жабу” командасын тандау қажет.
“ОК” басқару батырмасын тандап тышқанды сырт еткізу керек.
Бұл батырма бастапқыда тіктөрт бүрышпен қоршалып белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі. Еңді Еnter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.
Windows 95 жүйесінде
Тышқан курсорын Жіберу (Пуск немесе Stert) батырмасына алып барып, оны бір рет сырт өткізу керек те, меню командаларының ішінен Windows -бен жұмысты аяқтау” (Завершение работы Windows) комаңдасын тандау қажет. Мұнан кейін «Windows -бен жұмысты аяқтау» атты сұқбат терезесі экранға шығады. Бұл терезені Аlt+Ғ4 пернелері арқылы да шығаруға болады.
Аlt+Ғ4 пернелері кез келген терезені (программаны) жабу ісін атқарады.
Экрандағы сұқбат терезесінде керініп тұрған ауыстыру тобындағы
“Компьютерді өшіру” (“Выключить компьютер”) қатарын тандап алып,
“Иә” (“Да”) басқару батырмасын басу керек Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау ушін — тышқан курсорын сол өрекетке сәйкес дөңгелекке не текстке алып барып, тышқанды бір сырт еткізсе болғаны.
Windows жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып, соңынан компьютерді өшіру қажет.
Егер істеп тұрған бір прогркамманың жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқталмаған программа бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |