Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет1/63
Дата06.02.2022
өлшемі3,76 Mb.
#40026
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

Информатика пәнін
Кембридж тәсілімен оқытудағы
қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі

(оқу-әдістемелік құрал)




Қалитова Жұлдыз Кентайқызы

Ақтөбе қаласы, 2015 жыл

Ж.К.Қалитова. «Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі»

Оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназия. 2015 жыл.




Алғы сөз
Бұл көмекші құрал «Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытуда қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі» 5-10 кластардың тақырыптарын қамтиды.
Құралда Кембридж тәсілімен оқытудың 7 модулі кіріктіріліп берілген сабақ жоспарлары келтірілген.
Осы әдістемелік оқу құралы информатиканы оқыту бағдарламасындағы оқу процесін жүргізу барысында жинақталған материалдар негізінде жазылды.
Әрбір тараудың соңында сол тақырыптардан алған білімдерін тексеруге арналған тест тапсырмалар берілді.
Жинақта келтірілген тапсырмалардың дидактикалық мақсаттары әртүрлі: біріншісі – танымдық тапсырмаларға арналса, екіншісі – жартылай-ізденуге, үшіншісі – өзіндік шығармашылық жұмысты қажет етіп, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға дағдыландырады.
Жинақтың соңындағы информатика, физика, математика апталығының ашылу және жабылу салтанатының сценарийлері, сыныптан тыс жұмыстар келтірілді.
Бұл жинақ информатика пәнінің мұғалімдеріне және Кембридж курсынан өткен ұстаздарға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет