Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет46/63
Дата06.02.2022
өлшемі3,76 Mb.
#40026
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Сыныптан тыс жұмыстар


Пәні: информатика
Тақырыбы: «Жас суретшілер» сайысы
Мақсаты:
а) білімділік мақсаты: редактордың құрылымымен таныстыру, дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту;
ә) тәрбиелік мақсаты: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;
б) дамытушылық мақсаты: графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабылетін дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, ойын технологиясын пайдалану;
Сайыс сабақтың кезеңдері:
І. Таныстыру
ІІ. «Кім жылдам?»
ІІІ. «Ғажайып суретші»
IV. «Кім жүйрік?» (капитандар сайысы)
V. Техникалық диктант
VI. Ой сергіту
VII. Қызықты диктант
VIII. «Ойлан-тап»
IX. Пародия
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ қазылар және оқушылар! Болашақтың бастауы, балғын шақтың балалары. Сіздермен бірлесе отырып, «Жас суретшілер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ал, енді ойынға қатысушыларды таныстырып өтейік! 7 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «________________________»
командасы және 7 «В» сынып оқушыларынан құралған «Тапқырлар» командасы.
Достық пен ерлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- деп, бүгінгі сайысымыздың құрметті әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

  1. _____________________________________

  2. _____________________________________

  3. _____________________________________

Ал, енді командаларға сәт-сапар тілей отырып, сайысымыздың 1-кезең: «Таныстыру» бөлімін бастайық. Турымыздың шарты бойынша әр топ өз атауын таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын қорғайды. Әр кезеңнің соңында әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады. Ең жоғары ұпай саны 5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет